"Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу жайлы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 155 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 қаңтарда № 8284 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 02.05.2018 № 60 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 "Прокуратура туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарының нормативтік ережелеріне сәйкес, сондай-ақ азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және басқа да заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды, атқарушылық іс жүргізу саласындағы прокурорлық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету, аумақтық прокурорлар мен мамандандырылған прокуратуралардың прокурорларының өкілеттіктерін шектеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6737 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

      5-тармақтың екінші бөлігін мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры және оларға бағынышты прокурорлар, табиғатты қорғау прокурорлары, аталған прокурорлардың бастамасы бойынша қозғалған немесе олардың қатысуымен қаралған азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, қылмыстық істердің мүлікті өндіріп алу бөлігі жөніндегі соттармен жазылған атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын тексереді.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Бұйрық Бас прокуратура мекемелерінің және ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады