"Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 39 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 11 сәуірде № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7637 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 27.12.2012 № 491 Бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 39 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6278 енгiзiлген, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 25 тамыздағы № 344-347 (26190), «Казахстанская правда» 2010 жылғы 28 тамыздағы № 228 (26289) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесiнде:
      234-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы аумағында «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келетiн халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын қолданылады.»;
      «3. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жататын халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдары Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарды белгiленген талаптарға қарама–қайшы болмауға, сондай-ақ сапа көрсеткiштерi бойынша мемлекеттiк стандарттардың көрсеткіштерінен төмен болмауы тиiс.»;
      «4. Халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштер, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдары мемлекеттiк органдармен, олардың құзыретiне кіретін мәселелер бойынша келiсуге жатады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға қабылданған халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштер, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын тiркеу нөмiрiн беру арқылы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнің тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) енгiзiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын пайдаланушылар қатарына енгізу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) шетел мемлекетiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжатының және пайдаланушылар қатарына енгізу рәсімінен өткен соң қайтарылатын оның мемлекеттiк және орыс тiлiндегi түпнұсқалық аудармасының көшiрмесi. Аударманы растауды шетел тілінің уәкiлеттi органы жүзеге асырады;
      2) стандарттардың түпнұсқалары иесiмен жасалған келiсiм-шарттың, шетел мемлекетiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының, түпнұсқа иесiнiң осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерiстермен тұтынушыларды қамтамасыз етуi жөнiндегi мiндетi баяндалған техникалық шарттардың, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды үшiншi жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшiрмесi.
      Уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды пайдаланушылар қатарына енгізу үшін ұсынылған құжаттарды, оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні аралығында қарайды.
      Уәкiлеттi орган пайдаланушылар қатарына енгізуден бас тарту туралы, бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде өтініш берушіні хабарландырады.»;
      22-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқалық аудармалары қолдануға жатады.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын есептiк тiркеуге алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) шетел мемлекетiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттының және оның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқалық аудармасының екi көшiрмесi. Аударма шетел тілінен уәкiлеттi органмен расталады;
      2) стандарттардың түпнұсқалары иесiмен жасалған келiсiм-шарттың, түпнұсқа иесiнiң осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерiстермен тұтынушыларды қамтамасыз етуi жөнiндегi мiндетi қамтылған шетел мемлекетiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды үшiншi жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшiрмесi;
      3) егер халықаралық стандарттарда және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарында олардың құзыретiне кiретiн өнiмдерге, процестерге қойылатын мiндеттi талаптары қамтылса, мемлекеттiк органдары қорытындысының көшiрмесi;
      4) өнiмнiң каталог парағы (ұйым стандарттары және ТМД елдерiнің техникалық шарттары үшін).»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Уәкiлеттi орган есептік тіркеуге ұсынылған халықаралық стандарттарды және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні аралығында қарайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Қ.А. Тулеушинге жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және
      жаңа технологиялар министрі                 Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады