Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 379 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8316 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесінде:
      8910 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi орган оны тағайындаған күнi өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның ұйымды лицензиясынан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмдерiнiң көшiрмелерiн уақытша әкiмшiлiк ұйымның басшылығына қол қойдырып тапсырады.
      Шешiмдердi қол қойдырып тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда уақытша әкiмшiлiк бұл туралы акті жасайды және уәкiлеттi органды хабардар етедi.
      Уақытша әкiмшiлiк басшысы уақытша әкiмшiлiктiң жұмысына басшылық жасайды және үйлестiредi, мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету және қаржы ұйымын басқару өкiлеттiктерiн жүзеге асырады, уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң арасында мiндеттердi бөледi.
      Міндеттерді бөлуді уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрық шығару және олардың өкілеттіктерін бекіту арқылы жүзеге асырады.
      9. Уақытша әкiмшiлiк ұйым басшысына уәкiлеттi органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiн тапсырған күнi мынадай iс-әрекеттерді орындайды:
      1) ұйым басшысынан өзіне барлық мөрлердi, мөртабандарды, клише мен пломбирлерді, ұйымды тiркеуге байланысты құжаттарды, ұйымға берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкiлердi, ақпаратты электрондық тасымалдағыштарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, ұйым меншiк иесi болып табылатын құжаттамалық нысанда шығарылған басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын дереу тапсыруын талап етедi және оларды қабылдау-тапсыру актiсi бойынша қабылдайды;
      2) Банктер туралы заңның 48-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, Сақтандыру туралы заңның 69-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;
      3) ұйымның, оның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң кассасындағы барлық ақшалай және өзге де құндылықтарын тексере отырып, кассаға тексеру (ревизия) жүргізеді, қолма-қол ақшаны одан кейін банктiң корреспонденттiк шоттарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде және тиiсiнше банктерде ашылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоттарына аудару үшiн оның инкассациясын ұйымдастырады;
      4) ұйымның атынан бұрын берiлген сенiмхаттардың күшiн жояды;
      5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның ұйымды лицензиясынан айыру туралы шешімінің көшiрмесiн және уәкiлеттi органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұйымның клиенттерi танысу үшін қол жетімді орында орналастырады;
      6) уақытша әкiмшiлiктi тағайындау күнiне қолда бар электрондық түрдегi бухгалтерлiк ақпаратты (банктер үшін – баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдық туралы есеп (700-Н нысаны), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін – бас бухгалтерлік кітап) есептік автоматтандырылған жүйенің деректерін бөлек электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) басып шығарады. Мұндай ақпарат электрондық түрде болмаған кезде қағаз тасымалдағыштағы көрсетілген күнге ақпарат негізге алынады.
      10. Уақытша әкiмшiлiк мынадай iс-әрекеттерді орындайды:
      1) ұйымның активтерін, міндеттемелерін (баланстық және баланстан тыс), құжаттарын түгендеуді жүргізеді, қабылдау-тапсыру актiсi бойынша ұйымның мүлкiн және құжаттарын қабылдайды, олардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      2) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;
      3) ұйымның атынан соттарға талап-арыздар, оның iшiнде егер ұйым органдары мүшелерiнің, бас бухгалтерiнің iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) ұйымға шығын келтiрiлген болса, оларды жауапкершілікке тарту туралы талап-арыздар бередi;
      4) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспа басылымында қазақ тілінде және орыс тілінде хабарландыру жариялау жолымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиядан айыру туралы шешiмiн және уәкілетті органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiнің көшірмесін ұйым акционерлерiне, кредиторларына және дебиторларына жеткізеді;
      5) тағайындалған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұйым шоттарының бар екендігін анықтайды және корреспонденттiк, ағымдағы шоттардың (оның iшiнде шетелдiк банктердегi) және жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкiндегi шоттардың қалдықтарын салыстырып тексередi. Ұйымның бухгалтерлiк есебiнiң деректерi бойынша шоттардың қалдықтарын көрсетiлген шоттар ашылған банктердiң деректерiмен салыстырып тексередi және салыстырып тексеру қорытындылары бойынша тиiстi акті жасайды;
      6) толық материалдық жауапкершiлiк атқаратын адамдар, оның iшiнде бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң автоматтандырылған ақпарат жүйесiне және ұйымның қаржылық және өзге де есептiлiгiн жасауға қолы жетімді адамдар тобын айқындайды;
      7) уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясына ұйымның мүлкiн, құжаттарын және iс қағаздарын қабылдау-тапсыру аяқталғаннан кейiн уақытша әкiмшiлiктің орындаған жұмысы туралы есебін уәкiлеттi органға бекіту үшін ұсынады;
      8) уақытша әкiмшiлiктің қызметі кезеңінде қызметкерлермен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттілігі болмаған жағдайда олармен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын бұзады;
      9) тағайындалған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi», «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі», «Қазақстан қор биржасы» акционерлiк қоғамдарына ұйымның лицензиясынан айырылғаны және уақытша әкiмшiлiктiң тағайындалғаны туралы хабарлайды және ұйымның мүлкiн иелiгiнен шығару жөніндегі уақытша әкiмшiлiк жасамайтын мәмiлелердi тiркеуге, сондай-ақ ұйым кепiл ұстаушысы болып табылатын мүлiктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгiлейдi;
      10) ұйымның активтерін анықтайды;
      11) өзінің функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін ақысы төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды тартады;
      12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ақысы төленетін қызмет көрсету шарттарын өзгертеді және бұзады.
      11. Уақытша әкімшілік өз қызметі кезеңінде Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асырмайды.
      Уақытша әкімшілік шығыстарды уақытша әкімшілік басшысы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырады. Шығыстар сметасы ай сайынғы жоспарланатын шығындарға қарай жасалады және уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей түсіндірме жазбасымен уәкілетті органға ұсынылады.
      Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің қызметіне, оның ішінде уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасында көзделген ақшаның пайдаланылуына бақылау жасайды.
      Шығындардың бір бабы бойынша басқа бап бойынша үнемдеу есебінен артық шығысты жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
      «25-1. Уақытша әкімшілік шығыстарды барынша азайту мақсатында ұйымның мүлкін жалға береді.
      Мүлікті жалға бергеннен алынған ақша ұйымның банк шотына жіберіледі.
      Уақытша әкімшіліктің жалдау шартын жасауы уақытша әкімшіліктің бірінші талабы бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті қосалқы жалға (қосалқы жалдауға) беруге болмайтындығы жөніндегі шектеулерді қабылдауға жалға алушының келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
      Жалдаушыны уақытша әкімшілік тендер өткізу жолымен таңдайды, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесі 84-284-384-4,84-5 және 84-6-тармақтарының талаптарына сәйкес шарт жасалады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Г. Марченко 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады