Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 388 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8350 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшамен ресімделген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Статистика агенттігі

      ___________ Ә.А. Смайылов

      2013 жылғы 5 ақпан

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 388 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі
және қаржылық есептілігі мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін қаржылық есептілік жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткіш бойынша топтауы және ағымдағы көрсетуі үшін арналған.".

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 130 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 4 қазанда "Заң газеті" газетінде № 143 (1959) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулық банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерінің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым) меншікті ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру бойынша операциялардың, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.".

      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады