Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 113-7 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 712 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 113-318 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының коммуналдық меншігін басқару және оған иелік ету тиімділігін арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 5 қаңтардағы 
№ 113-7 қаулысымен      
бекітілген              

Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV (бұдан әрі - Заң),«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 296 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағиғада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы (пайда алушы) жергілікті атқарушы орган – Астана қаласының әкімдігі;
      2) қарапайым сенімгерлікпен басқару – уәкілетті органның коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру;
      3) мемлекеттік мекеме – жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      4) нарықтық құны - кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;
      5) объект - мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, жылжитын және жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенімгерлік басқару шартының объектісі болып табылатын өзге мемлекеттік коммуналдық мүлік;
      6) сенімгерлік басқарушы – ұсынылған талаптар бойынша коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар;
      7) тендер – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы өзі ұсынған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурстық сауда-саттық нысаны;
      8) тендер жеңімпазы - тендер шарттары бойынша ең жақсы ұсыныстарды ұсынған тендерге қатысушы;
      9) тендерлік комиссия – объектіні кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді ұйымдастыру және жүргізу үшін коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы құрған комиссия;
      10) тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
      11) уәкілетті орган – Астана қаласының коммуналдық мүлігін иеленуге, пайдалануға және иелік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
      12) шарт – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беретін уәкілетті органы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалатын объектіні сенімгерлік басқару шарты.

2. Объектіні сенімгерлік басқаруға берудің тәртібі

      3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды
      4. Кейіннен сатып алу құқығымен немесе рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды сауықтыру үшін объектіні сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
      5. Рентабельді емес кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ұсыныстарды мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органының келісімін ала отырып коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына енгізеді.
      Осы Қағиданың мақсаттарында рентабельді емес кәсіпорындарға мынандай өлшемдерге жауап беретін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жатады:
      1) үш жылдың ішінде ағымдағы, негізгі және негізгі емес қызметтің рентабельділігі көрсеткіштерінің төмендеуі және/немесе олардың жоспарланған мөлшерді қамтамасыз етпеуі;
      2) қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамауы.
      6. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша тендер өткізусіз мынандай жағдайларда беріледі:
      1) объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебінен бергенге дейін;
      2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны ең төменгі есепті көрсеткіштен бір жүз елу еселенгеннен кем емес жабдықты бергенде;
      3) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын ерекше режимдегі объектілерге жататын мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мүлікті бергенде;
      4) объектіні ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын коммуналдық заңды тұлғаларға, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (акциялары мен жарғылық капиталдағы қатысу үлестері мемлекетке тиесілі) бергенде жүзеге асырылады.
      7. Объектіні қарапайым сенімгерлік басқаруға тендер өткізбестен берген кезде объектіні беруге арналған ерікті нысандағы өтінімге мынандай құжаттар қоса беріледі:
      1) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
      2) заңды тұлғалар үшін - салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      3) жеке тұлғалар үшін - салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      4) жеке кәсіпкер үшін - салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.
      8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінімді коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады.
      9. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушымен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы не оның міндетін атқарушы тұлға өтінім берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасасады.

3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау

      10. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындауды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары уәкілетті органның жазбаша сұранысы бойынша олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін мынадай мәліметтерді береді:
      1) берілетін объектіге құқық белгілейтін құжаттарды (мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, техникалық паспорт);
      2) соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп;
      3) объектінің теңгерімдік құны;
      4) объектінің техникалық жағдайы;
      5) объектінің сипаттамасы;
      6) мүлікке ауыртпалықтың (тыйымның) болмауы (болуы) туралы.
      Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.

4. Тендер өткізуге дайындық

      12. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы сенімгерлік басқаруды құру мақсатында:
      1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);
      2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;
      4) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендер өткізу рәсімдеріне байланысты есептерді жүзеге асырады;
      6) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады.
      13. Уәкілетті орган тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады.
      Тендерлік комиссияның құрамына уәкілетті органның, коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларының, мемлекеттік мекемелердің (келісім бойынша) өкілдері кіреді. Төраға мен хатшы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан құралады. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болмайды.
      14. Тендерлік комиссия мынандай функцияларды жүзеге асырады:
      1) объектінің нарықтық құнын бекітеді;
      2) осы Қағиданың 21) тармағына сәйкес кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;
      3) тендердің шарттары мен сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды айқындайды;
      4) тендер өткізеді;
      5) тендер жеңімпазын жариялайды.
      15. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін келесі құжаттарды жинақтайды және дайындайды:
      1) бизнес-жоспар;
      2) кепілдік жарнаны енгізу туралы растайтын төлем құжаты;
      3) мүлікті қабылдау-беру актісі;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануына бақылауды ұйымдастырады;
      5) конурстың қорытындыларын жариялайды;
      6) үш жұмыс күнінің ішінде тендерлік комиссия хаттамасын рәсімдейді.
      16. Тендерді өткізуге дайындық кезінде коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы объект туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.

4. Тендерлік құжаттама

      17. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті орган тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын, ал акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерді өткізгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды, және де мынандай мәліметтерді:
      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын анықтау өлшемдерін;
      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;
      3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;
      4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін және тендерге қатысуға өтінім қолданысының талап етілетін мерзімін;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банктің деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды);
      сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды;
      7) мемлекеттік басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтерді қамтиды.
      18. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарландыру осы Ереженің 17-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімде жарияланады.
      Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарна мен өздеріне келтірілген шығыстарды толық көлемде қайтаруды жазбаша өтінген сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде талап етуге құқылы.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2012.06.11 № 113-740 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін акциялары немесе мүліктік кешені сенімділікпен басқаруға беру объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындайды:
      1) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
      2) жарғы;
      3) эмиссияны тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);
      4) есепті кезеңнің алдындағы үш жылдағы қосымшаларымен бухгалтерлік теңгерімдер;
      5) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімінен үзінді.
      Құжаттар пакетіне коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару уәкілетті органының тапсырмасы бойынша тәуелсіз консультанттар өткізген объектіні басқарудың тиімділігі мен жұмыс істеуі мониторингінің негізінде қосымша мәліметтер енгізіледі.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы тендерге қатысушы болуға тілек білдіргендері объекті туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      20. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіпте кепілдік жарна енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізе алады. Кепілдік жарнаны алушы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы болып табылады.
      21. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна объектінің нарықтық құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызы шегінде бөлек белгіленеді.
      22. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
      1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен шарт жасасу.
      23. Егер тендерге қатысушылар осы Қағиданың 18-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күнтізбелік күн бұрын оған қатысудан бас тартқан жағдайда коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2012.06.11 № 113-740 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Осы Қағиданың 23 және 42-тармақтарында санамаланғандардан басқа барлық жағдайларда кепілдік жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер ақшалай қаражат коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару уәкілетті органның шотына тендер өткізілгеннен кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап банктік он күн ішінде қайтарылады.
      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушының деректемелері көрсетіліп, осы қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш негізінде қайтарылады.

6. Тендерді өткізу

      25. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
      26. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
      2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
      3) банктің (банктердің) мөрі басылған бірінші басшы немесе қол қоюға құқығы бар адам және бас бухгалтер кол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын банк (банктер) алдында тендердің ықтимал қатысушысының мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы. Егер тендерге ықтимал қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шет ел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудитті міндетті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық  есебін;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып көшірмесін не көрсетілген түпнұсқаның нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      6) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсына отырып көшірмесін. Шет ел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасымен ұсынады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      8) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару уәкілетті органның депозит шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;
      9) тендерге ықтимал қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (жеке куәлікті, паспортты (шет ел азаматтары үшін) не әділет органдары берген уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды);
      10) ықтимал қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
      27. Жеке тұлға болып табылатын тендердің ықтимал қатысушысы осы Қағиданың 26-тармағының 1)2)10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:
      1) жеке куәліктің, паспорттың (шет ел азаматтары үшін) немесе әділет органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесін;
      2) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.
      28. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.
      29. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарттары болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған, өткен тендерлердің жеңімпазы тендерге қатысушы бола алмайды.
      30. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқық қорғау және сот органдарының сұратқан жағдайларын қоспағанда, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жариялауға құқығы жоқ.
      31. Тендердің ықтимал қатысушыларының құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.
      32. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендер ашық болып табылады.
      33. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ұлттық қауіпсіздікті, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда тендер жабық болып табылады.
      Жабық тендер өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарлама жариялау жүргізілмейді. Жабық тендерге қатысушылардың шектелген тобы қатысады. Бұл ретте ықтимал қатысушылардың таңдау негізін: компаниялардың дүниежүзілік сыныптамадағы рейтингін; ақша айналымы көлемін; саладағы, ұқсас өнім нарығында жұмыс тәжірибесін; заманауи менеджментті; қарыздар, кредиттер немесе жеке капиталды инвестициялауды, «ноу-хауға» ие болуды, ғылыми әзірлемелер және басқалары түрінде инвестицияларды тарту арқылы өндірісті жаңғыртуды жүзеге асыру қабілетін анықтайды.
      34. Жабық тендердің барлық шарттарымен жабық тендерге қатысуға жазбаша шақыруларды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген адамдарды тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық тендерді өткізгенге дейін бір күн бұрын аяқталады.
      35. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және жеңімпазды анықтау өлшеміне (өлшемдеріне) сүйене отырып, ұсыныстарын қарайды.
      36. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің қарапайым дауыс беру көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған кезде тендерлік комиссия дауыстардың тең санын алған қатысушыларды келіссөзге шақыруға құқылы және тендерлік комиссияның пікірі бойынша объектінің жұмысын жақсартуға бағытталған ең жақсы қосымша ұсыныстарды енгізген тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.

7. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарт мазмұны

      37. Тендерлік комиссияның шешімі осы Қағидаға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы, хатшысы және тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруге және оны хаттамаға қоса беруге құқылы, ол туралы соңғысында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне оның қатысушылары тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шағым бере алады.
      38. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару уәкілетті органы тендер шарттарында шарт жасасу міндеттемелері мен тендер жеңімпазының ұсыныстарын белгілейтін құжат болып табылады.
      39. Тендер нәтижелерін тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы бекітеді.
      Мынадай жағдайларда, егер:
      1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді деп таныса;
      2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса;
      3) тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқ екені туралы шешім қабылдаса;
      4) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады.
      Тендер өтпеген болып танылған жағдайда тендерлік комиссия жаңа тендерді және тендер шарттарын өзгертуге құқылы.
      40. Тендерге қатысуға тіркелгендер екеуден аз болған жағдайда тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қайтарылады.
      41. Объекті шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға берілетін үшінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, кейіннен сатып алу құқығы берілетін, бір қатысушы қатысқан тендерлер өткізілмеді деп танылады.
      Осы Қағиданың 39-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сатып алу құқығы берілмейтін тендер өткізілмеді деп танылған жағдайда, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы тендер шарттары бойынша шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға объектіні беру туралы шешім қабылдайды.
      42. Тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде өзі енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
      43. Мыналар:
      кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
      мыналарды:
      табыстылықты арттыру мақсатында қаржы көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстарды;
      тиімді шаруашылық қызмет мақсатында өндіріс құрылымын, оның техникалық-технологиялық базасын қайта құру бойынша ұсыныстарды;
      маркетингтік қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды;
      неғұрлым ұтымды шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері бойынша ұсыныстарды;
      бағдарламаны іске асыру мерзімін қамтитын кәсіпорынның қаржылық оңалту бағдарламасының болуы осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары болып табылады.
      Уәкілетті орган кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
      44. Объектіні сенімгерлік басқару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысымен бекітілген үлгі шартқа сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады).
      45. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздеуі тиіс.
      46. Мыналарға:
      1) объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
      2) өндіріс көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасына;
      3) нақты тұтынушыларға өнімді жеткізуге;
      4) баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;
      5) табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге;
      6) қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалуға немесе жаңа құруға;
      7) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;
      8) объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;
      9) сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуына;
      10) мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты айқындалған әрекеттерге тыйым салуға;
      11) объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;
      12) объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары болып табылады.
      Уәкілетті органдар кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынады.
      47. Объектіні сенімгерлік басқарушының сатып алу талаптары шартпен анықталады.
      Сенімгерлік басқарушыға объектіні сатуға ол шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі. Объектіні сату сатып алу-сату шартын жасасу арқылы нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.

8. Шарттың орындалуын бақылау

      48. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы жүзеге асырады.
      49. Бақылауды жүзеге асыру үшін коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы Шарттың орындалуына байланысты құжаттармен танысады, сондай-ақ қажет болған жағдайда тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізеді.
      50. Сенімгерлік басқарушы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың уәкілетті органына өзінің қызметі туралы есепті шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынады.
      51. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сенімгерлік басқарушы міндеттемелерді орындауды аяқтаған сәтке дейін жүргізіледі.

9. Қорытынды ережелер

      52. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидада көзделген сенімгерлік басқару қатынастарына азаматтық заңнаманың осындай қатынастарды реттейтін нормалары таралады.

Астана қаласының         
коммуналдық меншігіндегі 
мүлікті кейіннен сатып алу
құқығымен                
(құқығынсыз) сенімгерлікпен
басқаруға                
беру қағидасына          
1-қосымша                

Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      1. Кейіннен сатып алу ________________________ _______ мерзімге
                               (құқығымен/құқығынсыз)  жыл
_________________________________________________________________
                        (объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы,
_________________________________________________________________
                    ( толық аты-жөні, тегі)

___________________________________________________________атынан
      (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі)

тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20____ жылғы "____" ________
___________________________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
      2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында
             (теңгедегі сома, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)
тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Қаржы басқармасы) депозиттік шотына:
_________________________________________________________________
          (ЖБК, БИК, СТН, төлем коды, Кбе, мекеменің коды)
кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).
      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған тендердің нәтижелері туралы хаттама мен сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.
      4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.
      5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
      тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
      Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;
      менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда Қаржы басқармасында қалатынымен келісеміз (мін).
      6. Осы өтінім тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
      7. Өтінішке:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
қоса беріліп отыр.
      8. Төлем деректемелері:
      ______________________________________________________________
      (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, СТН, ЖСК, БСК)
      _______________________________________________________________
      (алушының деректемелері: атауы, СТН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)
      9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.)
      _______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      (қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)

      20_____ жылғы «____» ____________

      М.О.

Астана қаласының          
коммуналдық меншігіндегі  
мүлікті кейіннен сатып алу
құқығымен                 
(құқығынсыз) сенімгерлікпен
басқаруға                 
беру қағидасына           
2-қосымша                 

Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің нәтижелері туралы хаттама

      Кейіннен сатып ________________________________________мерзімге
                            (құқығымен/құқығынсыз)
      ______________________________________________________________
                            (объектінің атауы)
      Тендер өткізілетін күн: _______________________________________
      Тендер өткізілетін жер: _______________________________________
      Сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы: «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ.
      Сенімгерлік басқару объектісі:_________________________________
                                    (объектінің толық сипаттамасы:
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     мемлекеттік акциялар пакеті, қатысу үлесі, мүліктік кешені, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі)

      Сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері: _____________
                                     (мекенжайы, телефон, факс, т.б.)
      Объектінің құны: ______________________________________________
                               (теңгерімдік/ағымдағы)
      Тендерге ___________________( _____________ ) қатысушы қатысты.
                   (саны, оның ішінде жазумен)

      Тендер нәтижелері:
      1. Тендердің жеңімпазы: _______________________________________
            (тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушы көрсетіледі)

      2. Тендер шарты және Тендер жеңімпазының ұсыныстары:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________

      Тендердің нәтижелері туралы хаттама тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей тендер жеңімпазы мен сенімгерлік басқарудың уәкілетті органы сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады.
      _______________________________________________________________
      (тендердің нәтижелерімен және тендер жеңімпазының міндеттемелерімен танысу туралы тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушының уәкілетті тұлғасының өз қолымен қойған белгісі көрсетіледі)

      _________________ __________________ __________________________
           (күні)              (қолы)           (аты-жөні, тегі)

      Осы хаттама сенімгерлік басқару уәкілетті органы мен тендер жеңімпазы үшін бір-бірден екі данада жасалған.

      Комиссия төрағасы:     ____________  _____________________
                                (қолы)        (аты-жөні, тегі)
      Комиссия төрағасының
      орынбасары             ____________  _____________________
                                (қолы)        (аты-жөні, тегі)
      Комиссия мүшелері:     ____________  _____________________
                                (қолы)        (аты-жөні, тегі)
      Комиссия хатшысы:      ____________  _____________________
                                (қолы)        (аты-жөні, тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады