Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 700 қаулысымен  
бекітілген    

Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) басқару органы - акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік республикалық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы;
      2) нарықтық құн - кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;
      3) объект - мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенімгерлік басқару шартының объектісі болып табылатын өзге мемлекеттік республикалық мүлік;
      4) республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган;
      5) сенімгерлік басқарушы - республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      6) тендер жеңімпазы - тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
      7) тендер - республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы өзі ұсынған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурстық сауда-саттық нысаны;
      8) тендерлік комиссия - республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған комиссия;
      9) тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
      10) шарт - республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалатын объектіні сенімгерлік басқару шарты.

2. Объектіні сенімгерлік басқаруға берудің тәртібі

      3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.
      4. Кейіннен сатып алу құқығымен немесе рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту үшін объектіні сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
      5. Рентабельді емес кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ұсыныстарды республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына енгізеді.
      Осы Қағиданың мақсаттарында рентабельді емес кәсіпорындарға мынандай өлшемдерге жауап беретін республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жатады:
      1) үш жылдың ішінде ағымдағы, негізгі және негізгі емес қызметтің рентабельділігі көрсеткіштерінің төмендеуі және/немесе олардың жоспарланған мөлшерді қамтамасыз етпеуі;
      2) қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамауы.
      6. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді мынандай жағдайларда:
      1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін;
      2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;
      3) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде ерекше режимдегі объектілерге жататын мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мүлікті бергенде;
      4) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.30 № 1371 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2013 N 426 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.08.2013 N 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      7. Осы Қағиданың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берген кезде мүдделі тұлғаның объектіні сенімгерлік басқаруға беруге еркін нысандағы өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлік басқаруға жазбаша
келісімі;
      2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
      3) заңды тұлғалар үшін:
      салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.30 № 1371 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2013 N 391 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
      8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінімді республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады.
      9. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушымен республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы не оның міндетін атқарушы тұлға өтінім берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасасады.

3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау

      10. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындауды республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      11. Басқару органы республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объекті болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      Өзге объектілер бойынша басқару органы республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      12. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша сұрау салуы бойынша олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді береді және берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.

4. Тендер өткізуге дайындық

      13. Республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы сенімгерлік басқаруды құру мақсатында:
      1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);
      2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;
      4) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5) Тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендер өткізу рәсімдеріне байланысты есептерді жүзеге асырады;
      6) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;
      7) Объктіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      14. Республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерлі ұйымдастыру және өткізу үшін тұрақты тендерлік комиссия құрады.
      Тендерлік комиссияның құрамына республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, басқару органының өкілдері немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша) өкілдері қосылады. Төраға мен хатшы республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия құрамының саны кемінде бес адамнан құралады. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болмайды.
      15. Тендерлік комиссия мынандай функцияларды жүзеге асырады:
      1) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;
      2) қажет болған жағдайда тендердің шарттары мен сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды айқындайды;
      3) тендер өткізеді;
      4) тендер жеңімпазын жариялайды.
      16. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыруға және өткізуге қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссия хаттамасын рәсімдейді
      17. Тендерді өткізуге дайындық кезінде республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы объекті туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.

5. Тендерлік құжаттама

      18. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын, ал акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде - тендерді өткізгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады әрі мынандай мәліметтерді:
      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын анықтау өлшемдерін;
      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;
      3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;
      4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін және тендерге қатысуға өтінім қолданысының талап етілетін мерзімін;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оның енгізу үшін банктің деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды);
      6) сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды;
      7) мемлекеттік басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтерді қамтиды.
      19. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда қамтиды барлық өзгерістер туралы хабарландыру осы Қағиданың 18-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялануы тиіс.
      Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарна мен өздеріне келтірілген шығыстарды толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.
      20. Ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімділікпен басқаруға беру объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
      1) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      2) жарғы;
      3) эмиссияны тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);
      4) есепті кезеңнің алдындағы үш жылдағы қосымшаларымен бухгалтерлік теңгерімдер;
      5) мемлекеттік мүлік тізілімінен үзінді.
      Құжаттар пакетіне республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының тапсырмасы бойынша тәуелсіз консультанттар өткізген объектіні басқарудың тиімділігі мен жұмыс істеуі мониторингінің негізінде қосымша мәліметтер де енгізілуі мүмкін.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушы болуға тілек білдіргендері объекті туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарна енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізе алады. Кепілдік жарнаны алушы республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы болып табылады.
      22. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызы шегінде бөлек белгіленеді.
      23. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
      1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен шарт жасасу.
      24. Егер тендерге қатысушылар осы Қағиданың 19-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан жағдайда республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.
      25. Осы Қағиданың 24 және 43-тармақтарында санамаланғандардан басқа, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар тендерге қатысушы, осы қатысушының деректемелері көрсетіле отырып берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінішті тапсырған күнінен бастап банктік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініштері республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының шотына жарналар түскеннен кейін қабылданады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Тендерді өткізу

      26. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма терт сағат бұрын аяқталады.
      27. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
      2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
      3)банктің (банктердің) мөрі басылған бірінші басшы немесе қол қоюға құқығы бар адам және бас бухгалтер кол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын банк (банктер) алдында тендердің ықтимал қатысушысының мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы. Егер тендерге ықтимал қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шет ел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудитті міндетті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін;
      5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
      6) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсына отырып көшірмесін. Шет ел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасымен ұсынады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар, бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      8) республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозит шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;
      9) тендерге ықтимал қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (жеке куәлікті, паспортты (шет ел азаматтары үшін) не әділет органдары берген уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды);
      10) ықтимал қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      28. Жеке тұлға болып табылатын тендердiң ықтимал қатысушысы осы Қағиданың 27-тармағының 1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:
      1) жеке куәліктің, паспорттың (шет ел азаматтары үшін) немесе әділет органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесін;
      2) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.30 № 1371 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген  адамдарды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.
      30. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарттары болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған өткен тендерлердің жеңімпазы тендерге қатысушы бола алмайды.
      31. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жариялауға құқығы жоқ.
      32. Тендердің ықтимал қатысушыларының құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.
      33. Тендер ашық болуы тиіс.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын мемлекет қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкін
      34 Жабық тендер өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарлама жариялау жүргізілмейді. Жабық тендерге қатысушылардың шектелген тобы қатысады. Бұл ретте ықтимал қатысушылардың таңдау негізін: компаниялардың дүниежүзілік сыныптамадағы рейтингін; ақша айналымы көлемін; саладағы, ұқсас өнім нарығында жұмыс тәжірибесін; заманауи менеджментті; қарыздар, кредиттер немесе жеке капиталды инвестициялауды, «ноу-хауға» ие болуды, ғылыми әзірлемелер және басқалары түрінде инвестицияларды тарту арқылы өндірісті жаңғыртуды жүзеге асыру қабілетін анықтайды.
      35. Жабық тендердің барлық шарттарымен жабық тендерге қатысуға жазбаша шақыруларды республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген адамдарды тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық тендерді өткізгенге дейін бір күн бұрын аяқталады.
      36 Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және жеңімпазды анықтау өлшеміне (өлшемдеріне) сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
      37. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің қарапайым дауыс беру көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған кезде тендерлік комиссия дауыстардың тең санын алған қатысушыларды келіссөзге шақыруға құқылы және тендерлік комиссияның пікірі бойынша объектінің жұмысын жақсартуға бағытталған ең жақсы қосымша ұсыныстарды енгізген тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.

7. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарт мазмүны

      38. Тендерлік комиссияның шешімі осы Қағидаға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруге және оны хаттамаға қоса беруге құқылы, ол туралы соңғысында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне оның қатысушылары тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шағым бере алады.
      39. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының тендер шарттарында шарт жасасу міндеттемелері мен тендер жеңімпазының ұсыныстарын белгілейтін құжат болып табылады.
      40. Тендер нәтижелерін тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы бекітеді.
      Мынадай жағдайларда, егер:
      1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтінді деп таныса;
      2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса;
      3) тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқ екені туралы шешім қабылдаса;
      4) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады.
      Тендер етпеген болып танылған жағдайда тендерлік комиссия жаңа тендерді хабарлауға және тендер шарттарын өзгертуге құқылы.
      41. Тендерге қатысуға тіркелгендер екеуден аз болған жағдайда тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады.
      42. Объекті шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін үшінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, кейіннен сатып алу құқығы берілетін, бір қатысушы қатысқан тендерлер өткізілмеді деп танылады.
      Осы Қағиданың 40-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сатып алу құқығы берілмейтін тендер өткізілмеді деп танылған жағдайда, республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендер шарттары бойынша шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға объектіні беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      43. Тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде өзі енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
      44 Мыналар:
      кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
      мыналарды:
      табыстылықты арттыру мақсатында қаржы көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстарды;
      тиімді шаруашылық қызмет мақсатында өндіріс құрылымын, оның техникалық-технологиялық базасын қайта құру бойынша ұсыныстарды;
      маркетингтік қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды;
      неғұрлым ұтымды шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері бойынша ұсыныстарды;
      бағдарламаны іске асыру мерзімін қамтитын кәсіпорынның қаржылық оңалту бағдарламасының болуы осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары болып табылады.
      Басқару органы кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
      45. Объектіні сенімгерлік басқару осы Қағидаға 3-қосымшаға  сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады).
      46. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздеуі тиіс.
      47 Мыналарға:
      объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
      «өндіріс көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасына;
      нақты тұтынушыларға өнімді жеткізуге;
      баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;
      табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге;
      қолда бар сақтап сақтап қалуға немесе жаңа жұмыс орындарын құруға;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;
      объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;
      сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуына;
      мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты айқындалған әрекеттерге тыйым салуға;
      объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;
      объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары болуы мүмкін.
      Басқару органдары кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
      48. Объектіні сенімгерлік басқарушының сатып алу шарттары шартпен анықталады.
      Сенімгерлік басқарушыға объектіні сатуға ол шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі. Объектіні сату сатып алу-сату шартын жасасу арқылы нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
      Сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шартын жасасқан күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп төленуі мүмкін. Нарықтық құнды бөліп төлеу мүмкіндігі сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық құнды бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында айтылады.

8. Шарттың орындалуын бақылау

      49. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      50. Бақылауды жүзеге асыру үшін республикалық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы Шарттың орындалуына байланысты құжаттармен танысады, сондай-ақ қажет болған жағдайда тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізеді.
      51. Сенімгерлік басқарушы республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына және пайда түсірушіге өзінің қызметі туралы есепті шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынады.
      52. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сенімгерлік басқарушы міндеттемелерді орындауды аяқтаған сәтке дейін жүргізіледі.

9. Қорытынды ережелер

      53. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидада көзделген сенімгерлік басқару қатынастарына азаматтық заңнаманың осындай қатынастарды реттейтін нормалары таралады.

Республикалық мүлікті 
сенімгерлік басқаруға 
беру қағидасына   
1-қосымша      

Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру
жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Кейіннен сатып алу ________________________ _______ мерзімге
                              (құқығымен/құқығынсыз)   жыл
_____________________________________________________________________
                  (объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен. өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы,
_____________________________________________________________________
                  толық аты-жөні, тегі)
______________________________________________________________ атынан
      (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі)
тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20____ жылғы "____" ________
___________________________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын
      2. Біз (мен)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ сомасында
 (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен жазып көрсетіледі)
тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің (бұдан әрі – Комитет) депозиттік шотына:
_____________________________________________________________________
     (ЖСК, БСК, БСН, төлем мақсатының коды, Кбе, мекеменің коды)
кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).
      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.
      4. Егер біз (мен) тендердің Жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.
      5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
      тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
      Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;
      менің (біздің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда Комитетте қалатынымен келісеміз (мін).
      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
      7. Өтінішке
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      _______________________________________________________________
қоса беріліп отыр.
      8. Төлем деректемелері:
_____________________________________________________________________
  (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, БСН, ЖСК, БСК)
_____________________________________________________________________
   (алушының деректемелері: атауы, БСН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)
      9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні)  және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      _________  ____________________________________________________
       (қолы)    (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)

20_____ жылғы "____" ____________

      М.О.

Республикалық мүлікті
сенімгерлік басқаруға
беру қағидасына  
2-қосымша    

Кейіннен сатып _____________________________________________ мерзімге
                        (құқығымен/құқығынсыз)
_____________________________________________________________________
                        объектінің атауы)

сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің нәтижелері
туралы хаттама

      Тендер өткізілетін күн: _______________________________________
      Тендер өткізілетін жер: _______________________________________
      Сенімгерлік басқару құрылтайшысы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
      Сенімгерлік басқару объектісі:_________________________________
                                     (объектінің толық сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
мемлекеттік акциялар пакеті, қатысу үлесі, мүліктік кешені, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі)
      Сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері: _____________
                                    (мекенжайы, телефон, факс, т.б.)

      Объектінің құны: ______________________________________________
                              (теңгерімдік / ағымдағы)
      Тендерге ___________________( _____________ ) қатысушы қатысты.
                  (саны, оның ішінде жазумен)

      Тендер нәтижелері:
      1 Тендердің жеңімпазы: ________________________________________
                 (тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушы көрсетіледі)

      2. Тендер шарты және Тендер жеңімпазының ұсыныстары:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      Тендердің нәтижелері туралы хаттама тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей Тендер жеңімпазы мен Сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады.
_____________________________________________________________________
(тендердің нәтижелерімен және тендер жеңімпазының міндеттемелерімен танысу туралы тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушының уәкілетті тұлғасының өз қолымен қойған белгісі көрсетіледі)

_________________  __________________ __________________________
      (күні)             (қолы)             (аты-жөні, тегі)

      Осы хаттама Сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен Тендер жеңімпазы үшін бір-бірден екі данада жасалған.

      Комиссия төрағасы:             __________ _____________________
                                        (қолы)     (аты-жөні, тегі)

Комиссия төрағасының орынбасары      __________ _____________________
                                        (қолы)     (аты-жөні, тегі)

Комиссия мүшелері:                   __________ _____________________
                                        (қолы)     (аты-жөні, тегі)

Комиссия хатшысы:                    __________ _____________________
                                        (қолы)     (аты-жөні, тегі)

Республикалық мүлікті
сенімгерлік басқаруға
беру қағидасына 
3-қосымша    

Сенімгерлік басқарудың үлгі шарты

_______________________________
(объектінің атауы)

_____________ қ.                      № _____ 20____ " ______ " _____

бұдан әрі «Құрылтайшы» деп аталатын
_____________________________________________________________________
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық
__________________________
бөлімшесінің атауы)
      атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20_ жылғы "___"
______ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20____ жылғы "_____" __________ № ______ бұйрығымен бекітілген ______________________________________
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық
___________________
бөлімшесінің атауы)

туралы ереженің негізінде әрекет ететін басшы _______________________
                                                      (аты-жөні)
бір тараптан және бұдан әрі «Сенімгерлік басқарушы» деп аталатын,
_____________________________________________________________________
20____ жылғы " _____ " № ________жарғының, ереженің, сенімхаттың)
      негізінде әрекет ететін _______________________________________
                       (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)
      екінші тараптан бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1 Шарттың мәні

      1. Бұдан әрі Объект деп аталатын Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға _________________________________________________________
                                    (мүлік атауы)
      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Шарт бойынша пайда алушы болып табылатын Құрылтайшының мүдделеріне сай басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      2. Сенімгерлік басқаруға берілетін Объектінің сипаттамасы:
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      3. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.
      4. Сенімгерлік басқарушы Объектіні сенімгерлік басқаруды иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады.
      5. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.
      6. Құрылтайшы Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген күні ол:
      1) кепілде тұрмағанын;
      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;
      3) сатуға қойылмағанын растайды.
      7. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оның меншік құқығын беруге әкеп соқтырмайды.
      8. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін әзірлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне сай жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап
___________________________________________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2. Тараптардың құқықтары

      9. Құрылтайшының:
      1) жазбаша сұрау бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;
      2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі Басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.
      10. Сенімгерлік басқарушының:
      1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі іс-әрекеттерді жасауға;
      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі шығарған қажетті шығыстарды өзіне сенімгерлік баскаруға берілген мүлікті пайдаланудан түскен табыстар есебінен ғана өтеуге;
      3) осы Шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыйақыны алу құқығын қоспағанда, өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.

3. Тараптардың міндеттері

      11. Құрылтайшы;
      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімде сенімгерлік басқаруға беруге;
      Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды беруге;
      2) осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;
      3) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың әрекет етуі мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.
      12. Сенімгерлік басқарушы:
      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;
      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) Сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен жүргізілген мәмілелерді өз атынан жасай отырып, Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет етіп отырғанын көрсетуге;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;
      5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін орындауға;
      6) Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;
      7) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруға;
      8)Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;
      9) Құрылтайшыға ________________ өз қызметі туралы есеп беруге; (ұсыну мерзімдері)
      10) ОСЫ Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
      11) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылғанда (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге;
      12) басқа да міндеттерді орындауға (сенімгерлікпен басқаруға берілетін Объектілерге байланысты) міндетті.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      13) Сенімгерлік басқарушы Құрылтайшының мүддесіне сай еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиянды есепке алмағанда, кез келген келтірілген зиян үшін жауапты болады.
      14) Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

      15.Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.
      16. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа тең кезеңге кейінге қалдырылады.
      17. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде 30 күнтізбелік күні ішінде хабарлауға міндетті.
      18. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.
      19.Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

6. Құпиялылық

      20. Тараптар Шартта қамтылған барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      21. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

7. Дауларды шешу

      22. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.
      23. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қарауға жатады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      24. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ____________________________________________ дейін әрекет етеді.

9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      25. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.
      Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

10. Өзге де талаптар

      26. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      27. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар, олар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың қол қоюға уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
      28. Барлық қосымша келісімдер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және уәкілетті Тараптар қол қоюға тиіс.
      29. Осы Шарттың әрекет ету мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.
      30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Құрылтайшы                                  Сенімгерлік басқарушы
_______________________                  ____________________________
_______________________                  ____________________________

Тараптардың қолдары:

____________ ____________________     ____________ __________________
    (қолы) (тегі, аты-жөні) (қолы)          (тегі, аты-жөні)

м.о.                                 м.о.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады