Наурыз мейрамы мерекесіне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 9/2-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 720 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 35/4-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.06 № 35/4-V (қабылданған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 920-бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Наурыз мейрамы мерекесіне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А. Байгенжин

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 9/2-V шешіміне    
қосымша         

Наурыз мейрамы мерекесіне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ

      Осы Наурыз мейрамы мерекесіне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 920-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Наурыз мейрамы мерекесіне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
      2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
      3. Әлеуметтiк көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi әкiмшісі (бұдан әрi – Әкiмші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» бюджеттiк бағдарламасына сәйкес және қала бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
      4. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталығы» Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Астана қалалық филиалы (бұдан әрi – МЗТО) Әкiмшіге МЗТО деректер қорында тiркелген Ереженің 5-тармағы 1-7) тармақшасында көрсетiлген санаттарға жататын азаматтар туралы мәлiметтердi ұсынады.

2-тарау. Әлеуметтiк көмек төлеу тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек 5000 (бес мың) теңге көлемінде ақшалай төлемдер түрінде мынадай азаматтардың санаттарына:
      1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi мен соларға теңестiрiлген адамдардың отбасы;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы;
      3) бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы;
      4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;
      5) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;
      6) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы;
      7) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы берiледi.
      6. Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады