«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 158-3 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 713 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 ақпандағы № 19 «Астана хабары», 2012 жылғы 16 ақпандағы № 19 «Вечерняя Астана» газеттерінде жариялаған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға 5-қосымшаның 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге негiз болатын нормативтiк-құқықтық актiнiң атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны:
мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңы 24-бабы 1-тармағының, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының, 13-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысы 1-тармағының, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.»;
жоғарыда көрсетілген қаулыға 6-қосымшаның 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге негiз болатын нормативтiк-құқықтық актiнiң атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны:
мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңы 22-бабы 1-тармағының, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының, 13-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысының 1-тармағының, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.».
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкiм И. Тасмағамбетов