Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 21.08.2017 № 107-1683 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына, "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 - 2015 оқу жылдарына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру тапсырысы) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі - "Астана қаласының Білім басқармасы" Мемлекеттік мекемесі 360 038 011 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау" деген бюджеттік бағдарлама бойынша Мемлекеттік білім беру тапсырысын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Жоғарыда көрсетілген қосымшаға сәйкес бір маманды оқыту үшін оқу жылына шығыстардың орташа құны бекітілсін.
4. Басқарма бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | И. Тасмағамбетов |
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 107-1278 қаулысына қосымша |
Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 - 2015 оқу
жылдарына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды
даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ р/с | Мамандық коды | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау бағыттарының атауы | Оқушыларды қабылдау | Оқу мерзімі | Бір маманды оқытуға оқу жылына шығыстардың орташа құны (теңге) | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | |||||||
Барлығы | 9-сынып | 11-сынып | |||||||||||
қазақ тілінде оқитын | орыс тілінде оқитын | қазақ тілінде оқитын | орыс тілінде оқитын | ||||||||||
Астана қаласы әкімдігінің "Қоғамдық тамақтандыру мен сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | |||||||||||||
1. | 0508000 | Тамақтануды ұйымдастыру | 25 | - | - | - | 25 | 1 жыл 10 ай | 288050 | "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |||
2. | Жиыны: | 25 | - | - | - | 25 | |||||||
Астана қаласы әкімдігінің "Энергетика және байланыс колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | |||||||||||||
3. | 1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | 25 | - | - | - | 25 | 1 жыл 10 ай | 288050 | "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |||
4. | Жиыны: | 25 | - | - | - | 25 | |||||||
"Қаржы академиясы" акционерлік қоғамы | |||||||||||||
5. | 1305000 | Ақпараттық жүйелер | 25 | - | - | - | 25 | 1 жыл 10 ай | 288050 | "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |||
6. | Жиыны: | 25 | - | - | - | 25 | |||||||
"Асу" гуманитарлық-техникалық колледжі мекемесі | |||||||||||||
7. | 1410000 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану | 25 | 5 | - | - | 3 жыл 6 ай | 288050 | "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | ||||
- | 20 | 2 жыл 6 ай | |||||||||||
8. | Жиыны: | 25 | 5 | - | 20 | - | |||||||
"Еуразия гуманитарлық институтының колледжі" мекемесі | |||||||||||||
9. | 0101000 | Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру | 25 | - | - | 25 | - | 2 жыл 10 ай | 288050 | "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |||
10. | Жиыны: | 25 | - | - | 25 | - | |||||||
"Астана қаласының Менеджмент және бизнес колледжі" жауапкершілік шектеулі серіктестігі | |||||||||||||
11. | 0512000 | Аудармашы ісі | 25 | - | - | - | 25 | 1 жыл 10 ай | 288050 | "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |||
12. | Жиыны: | 25 | - | - | - | 25 | |||||||
13. | Барлығы: | 150 | 5 | - | 45 | 100 |