Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV "Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 93/11-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 765 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 237/28-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.02.2018 № 237/28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10, 11-баптарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV "Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурыздағы № 566 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 29-30 "Вечерняя Астана", 2009 жылғы 12 наурыздағы № 27 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешiм оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енедi.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

Н. Мещеряков

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов


  Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы № 93/11-V шешіміне
1-қосымша
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы № 185/30-IV шешіміне
1-қосымша

Жер учаскелерін жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін аймақтардың шекаралары

Бағалау аймағының р/с №

Бағалау аймағының бөліктерінің р/с №

Бағалау аймақтары шекараларының сипаттамасы

1


Аймақтың солтүстік-батыс шекарасы Қарашаш ана көшесі мен Сарайшық көшесінің қиылысынан басталады; одан әрі Сарайшық көшесінің бойымен шығысқа қарай, Р. Қошқарбаев; Р. Қошқарбаев даңғылынан оңтүстік бағытында жобаланған көшенің бойымен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін; А. Байтұрсынұлы көшесінің бойымен батысқа қарай жобаланудағы № 39 көшеге дейін; жобаланудағы № 39 көшенің бойымен оңтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесі; Сығанақ көшесінің бойымен батысқа қарай Қарашаш ана көшесіне дейін; Қарашаш ана көшесінің бойымен солтүстікке қарай Сарайшық көшесіне дейін

2

2-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Сарыарқа даңғылы мен С. Сейфуллин көшесінің қиылысынан басталады; С. Сейфуллин көшесінің бойымен шығысқа қарай Республика даңғылына дейін барып, одан әрі Республика даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Кенесары көшесіне дейін барады; содан кейін Кенесары көшесінің бойымен батысқа қарай Сарыарқа даңғылына дейін; одан әрі Сарыарқа даңғылының бойымен солтүстікке қарай С. Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін

2-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Тұран даңғылы мен Есіл өзенінің қиылысынан басталады, Есіл өзенінен оңтүстікке қарай Қабанбай батыр даңғылымен қиылысқанға дейін өтеді; Қабанбай батыр даңғылының бойымен солтүстік-шығыс бағытында Ж. Тәшенов көшесіне дейін; Ж. Тәшенов көшесінің бойымен солтүстік-шығыс бағытында Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Майқайын көшесіне дейін; Майқайын көшесінің бойымен батысқа қарай Дауылпас көшесіне дейін; Дауылпас көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесінің бойымен шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының боймен оңтүстікке қарай Р. Қошқарбаев көшесіне дейін; Р. Қошқарбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Сарайшық көшесіне дейін; Сарайшық көшесінің бойымен солтүстік-батыс бағытында жобаланған көшемен Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен шығысқа қарай Тұран даңғылына дейін

2-3

Аймақтың солтүстік шекарасы Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысынан басталады; Сығанақ көшесі, Ш. Қалдаяқов көшесінің бойымен шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшеден оңтүстікке қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; Керей, Жәнібек хандар көшесінің бойымен батысқа қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылының бойымен солтүстікке қарай Сығанақ көшесіне дейін

3

3-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Есіл өзенінің оң жағалауы мен Кенесары көшесінің қиылысынан басталады; одан әрі Кенесары көшесінің бойымен шығыс бағытында Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен оңтүстікке қарай А. Бараев көшесіне дейін; А. Бараев көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Есіл өзенінің жағалауына дейін; Есіл өзенінің жағасымен солтүстік-батысқа қарай Кенесары көшесімен қиылысқанға дейін

4

4-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысынан басталады; одан әрі Бөгенбай батыр даңғылының бойымен шығысқа қарай Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен оңтүстікке қарай С. Сейфуллин көшесіне дейін; С. Сейфуллин көшесінің бойымен батысқа қарай Сарыарқа даңғылына дейін; Сарыарқа даңғылының бойымен солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылымен қиылысқанға дейін

4-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Есіл өзенінен және жобаланудағы көшеден басталады; Есіл өзенінің жағасымен шығысқа қарай Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқу корпусының бойымен жобаланудағы көшеге дейін; Жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Сығанақ көшесіне дейін; Сығанақ көшесінің бойымен батыс бағытында жобаланудағы көшеге дейін; одан әрі жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін

4-3

Аймақтың солтүстік шекарасы С. Сейфуллин көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысынан басталады; одан әрі Сарыарқа даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесінің бойымен батысқа қарай К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесінің бойымен солтүстікке қарай С. Сейфуллин көшесіне дейін; С. Сейфуллин көшесінің бойымен шығысқа қарай Сарыарқа даңғылымен қиылысқанға дейін

5

5-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысынан басталады; одан әрі Кенесары көшесінің бойымен шығысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай А. Бараев көшесіне дейін; одан әрі А. Бараев көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен солтүстікке қарай Кенесары көшесімен қиылысқанға дейін

5

5-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесі қиылысынан басталады; Керей, Жәнібек хандар көшесінің бойымен шығысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; одан әрі жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен оңтүстікке қарай Нұра-Есіл арнасына дейін; Нұра-Есіл арнасының жағасымен оңтүстікке қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылының бойымен солтүстік бағытында Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылының бойымен солтүстікке қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін

5-3

Аймақтың солтүстік шекарасы А. Байтұрсынұлы көшесі мен № 39 көшенің қиылысынан басталады; А. Байтұрсынұлы көшесінің бойымен шығысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш. Қалдаяқов көшесінің бойымен батысқа қарай № 39 көшеге дейін; № 39 көшенің бойымен солтүстікке қарай А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін

6

6-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Ә. Молдағұлова көшесі мен Республика даңғылының қиылысынан басталады; одан әрі Республика даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылы бойымен батысқа қарай Сарыарқа даңғылына дейін; Сарыарқа даңғылының бойымен оңтүстікке қарай С. Сейфуллин көшесіне дейін; С. Сейфуллин көшесінің бойымен батысқа қарай К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесінің бойымен оңтүстік бағытында Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесінің бойымен батысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен "Достық" гараж кооперативінің бойымен солтүстікке қарай; одан әрі жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Сары-бұлақ арнасына дейін; Сары-бұлақ арнасының жағасымен солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылының бойымен батысқа қарай Бекетай көшесіне дейін; Бекетай көшесінің бойымен солтүстікке қарай Ә. Молдағұлова көшесіне дейін; Ә. Молдағұлова көшесінің бойымен шығысқа қарай Республика даңғылымен қиылысқанға дейін


6-2

Аймақтың солтүстік шекарасы С. Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысынан басталады; С. Сейфуллин көшесінің бойымен шығыс бағытында Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесінің бойымен батысқа қарай Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен солтүстікке қарай С. Сейфуллин көшесімен қиылысқанға дейін

6-3

Аймақтың солтүстік шекарасы жобаланудағы көше мен Сарайшық көшесінің қиылысынан басталады; Сарайшық көшесінің бойымен шығысқа қарай Қарашаш ана көшесіне дейін; Қарашаш ана көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сығанақ көшесіне дейін; Сығанақ көшесінің бойымен батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай Сарайшық көшесіне дейін

7

7-1

Аймақтың солтүстік шекарасы А. Бараев және А. Кравцов көшелерінің қиылысынан басталады; одан әрі А. Кравцов көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ж. Тәшенов көшесіне дейін; Ж. Тәшенов көшесінің бойымен батысқа қарай А. Бараев көшесіне дейін; одан әрі А. Бараев көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай А. Кравцов көшесімен қиылысқанға дейін

7-2

Аймақтың солтүстік шекарасы А. Петров және М. Жұмабаев даңғылының қиылысынан басталады; М. Жұмабаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Күйші Дина көшесіне дейін; Күйші Дина көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін; одан әрі Абылай хан даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Б. Момышұлы даңғылына дейін; Б. Момышұлы даңғылының бойымен батысқа қарай Қызыларай көшесіне дейін; одан әрі Қызыларай көшесінің бойымен А. Петров көшесіне дейін; А. Петров көшесінің бойымен шығысқа қарай. М. Жұмабаев даңғылымен қиылысқанға дейін

8

8-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Конституция көшесі мен Сары-бұлақ арнасы қиылысынан басталады; одан әрі Конституция көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ақбұғы көшесіне дейін; Ақбұғы көшесінің бойымен оңтүстікке қарай І. Есенберлин көшесіне дейін; одан әрі оңтүстік-шығысқа қарай; одан әрі шығысқа қарай І. Есенберлин көшесінің бойымен Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен оңтүстікке қарай К. Жалайыри көшесіне дейін; содан әрі К. Жалайыри көшесінің бойымен батысқа қарай Г. Потанин көшесіне дейін; Г. Потанин көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай А. Затаевич көшесіне дейін; А. Затаевич көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Оқжетпес көшесіне дейін; Оқжетпес көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Сары-бұлақ арнасымен қиылысқанға дейін; одан әрі солтүстік-шығысқа қарай арнаның бойымен Конституция көшесімен қиылысқанға дейін

8-2

Аймақтың солтүстік шекарасы А. Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысынан басталады; одан әрі Абылай хан даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай І. Жансүгірұлы көшесіне дейін; І. Жансүгірұлы көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай М. Жұмабаев даңғылына дейін; одан әрі М. Жұмабаев даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Манас көшесіне дейін; Манас көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Абылай хан даңғылымен қиылысқанға дейін

9

9-1

Аймақтың солтүстік шекарасы І. Жансүгірұлы мен М. Жұмабаев даңғылының қиылысынан басталады; одан әрі М. Жұмабаев даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай А. Петров көшесіне дейін; А. Петров көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Л. Мирзоян көшесіне дейін; одан әрі Л. Мирзоян көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Б. Момышұлы даңғылына дейін; Б. Момышұлы даңғылының бойымен оңтүстік-батысқа қарай Манас көшесіне дейін; одан әрі Манас көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай І. Жансүгірұлы мен М. Жұмабаев даңғылының қиылысына дейін

9-2

Аймақтың солтүстік шекарасы С. Сейфуллин мен Ә. Сембинов көшелерінің қиылысынан басталады; одан әрі С. Сейфуллин көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Б. Бейсекбаев көшесіне дейін; Б. Бейсекбаев көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Е. Брусиловский көшесіне дейін; Е. Брусиловский көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай № 1 қысқа көшеге дейін; № 1 көшенің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай А. Жұбанов көшесіне дейін; А. Жұбанов көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен шығысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай А. Кравцов көшесіне дейін; одан әрі А. Кравцов көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен солтүстікке қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен шығысқа қарай Ә. Сембинов көшесіне дейін; Ә. Сембинов көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай С. Сейфуллин көшесімен қиылысқанға дейін

9-3

Аймақтың шығыс және оңтүстік шекарлары Есіл өзенінің бойымен өтеді; солтүстік-батыс шекарасы жобаланудағы көшемен өтеді (газ аппаратурасының маңы)

9-4

Аймақтың солтүстік шекарасы Р. Қошқарбаев және Қордай көшелері қиылысынан басталады; Қордай көшесінің бойымен оңтүстікке қарай М. Шоқай көшесіне дейін; жобаланудағы М. Шоқай көшесінің бойымен оңтүстікке қарай А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін; А. Байтұрсынұлы көшесінің бойымен батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай Р. Қошқарбаев даңғылына дейін; Р. Қошқарбаев даңғылының бойымен батысқа қарай Қордай көшесіне дейін

10

10-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Қарталы көшесі мен темір жолдың қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Сарыөзек көшесіне дейін; Сарыөзек көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен оңтүстікке қарай І. Есенберлин көшесіне дейін; І. Есенберлин көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Алтынемел көшесіне дейін; одан әрі І. Есенберлин көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Конституция көшесіне дейін; Конституция көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; одан әрі Ш. Бөкеев көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Жерұйық көшесіне дейін; Жерұйық көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Қарталы көшесіне дейін; одан әрі солтүстік-шығысқа қарай темір жолымен қиылысқанға дейін

10-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Ш. Кұдайбердіұлы даңғылы мен Ақ-бұлақ өзенінің қиылысынан басталады; одан әрі Ш. Кұдайбердіұлы даңғылының бойымен шығысқа қарай Ғ. Мұстафин көшесіне дейін; Ғ. Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін; одан әрі Абылай хан даңғылынан солтүстік-батысқа қарай Күйші Дина көшесіне дейін; Күйші Дина көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай М. Жұмабаев даңғылына дейін; одан әрі солтүстік-батысқа қарай І. Жансүгірұлы көшесіне дейін; І. Жансүгірұлы көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін. Абылай хан даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін; одан әрі А. Пушкин көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ақ-бұлақ өзеніне дейін; Ақ-бұлақ өзенінің жағалауымен солтүстік-шығысқа қарай Ш. Кұдайбердіұлы даңғылымен қиылысқанға дейін

10-3

Аймақтың солтүстік шекарасы А. Пушкин көшесі және теміржол қиылысынан басталады; әрі қарай теміржолмен оңтүстік-шығысқа қарай; әрі қарай солтүстік-батысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін барады; А. Пушкин көшесімен солтүстік-шығысқа қарай теміржол қиылысына дейін барады

11

11-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Ы. Дүкенұлы және Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысынан басталады; одан әрі Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай С. Сейфуллин көшесіне дейін; С. Сейфуллин көшесінің бойымен батысқа қарай Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен солтүстікке қарай Ы. Дүкенұлы көшесіне дейін; Ы. Дүкенұлы көшесінің бойымен шығысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін

11-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Ғ. Мұстафин көшесі мен темір жолының қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа дейін Р. Қошқарбаев даңғылына дейін; Р. Қошқарбаев даңғылының бойымен оңтүстік-батысқа қарай Майдақоңыр көшесіне дейін; Майдақоңыр көшесінің бойымен шығыс бағытында Қобыз көшесіне дейін; жобаланудағы Қобыз көшесінің бойымен оңтүстікке қарай М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесінің бойымен шығысқа қарай Көкжелек көшесіне дейін; Көкжелек көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Қордай көшесіне дейін; Қордай көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Р. Қошқарбаев даңғылына дейін; Р. Қошқарбаев даңғылының бойымен батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесінің бойымен батыс бағытында Дауылпаз көшесіне дейін; Дауылпаз көшесі бойымен солтүстікке қарай Майқайың көшесіне дейін; Майқайың көшесінің бойымен шығыс бағытында Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Б. Момышұлы даңғылына дейін; Б. Момышұлы даңғылының бойымен солтүстік-шығыс бағытында Ғ. Мұстафин көшесін өтіп, темір жолымен қиылысқанға дейін

12

12-1

Аймақтың солтүстік шекарасы А. Байтұрсынұлы мен Конституция көшелерінің қиылысынан басталады; одан әрі Конституция көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Сары-бұлақ арнасымен қиылысқанға дейін; одан әрі Сары-бұлақ арнасының жағасымен оңтүстік-батысқа қарай Оқжетпес көшесімен қиылысқанға дейін; Оқжетпес көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай А. Затаевич көшесімен қиылысқанға дейін; А. Затаевич көшесінің бойымен басында оңтүстік-шығысқа қарай; содан кейін оңтүстікке қарай К. Жалайыри көшесіне дейін; одан әрі К. Жалайыри көшесінің бойымен батысқа қарай Бекетай көшесіне дейін; Бекетай көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; одан әрі Н. Тілендиев даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Ақан сері көшесіне дейін; Ақан сері көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін; одан әрі А. Байтұрсынұлы көшесінің бойымен солтүстікке қарай Конституция көшесіне дейін

12-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Сарыөзек көшесі мен темір жолдың қиылысынан басталады; одан әрі темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Алаш көшесіне дейін; Алаш көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының бойымен батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен солтүстікке қарай Ы. Дүкенұлы көшесіне дейін; одан әрі Ы. Дүкенұлы көшесінің бойымен батысқа қарай Республика даңғылына дейін; Республика даңғылының бойымен солтүстікке қарай Сарыөзек көшесіне дейін; одан әрі Сарыөзек көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай темір жолымен қиылысқанға дейін

12-3

Аймақтың солтүстік шекарасы Ақ-бұлақ өзені мен темір жолдың қиылысынан басталады, темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ғ. Мұстафин көшесіне дейін; Ғ. Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін; Ш. Құдайбердіұлы даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Ақ-бұлақ өзеніне дейін; Ақ-бұлақ өзенінің жағасымен солтүстік-шығысқа қарай темір жолымен қиылысқанға дейін

12-4

Аймақтың солтүстік шекарасы Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысынан басталады; Ш. Қалдаяқов көшесінің бойымен шығысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің бойымен Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін

13

13-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Алаш және Ш. Жиенқұлова көшелерінің қиылысынан басталады; одан әрі Ш. Жиенқұлова көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Л. Толстой көшесіне дейін; Л. Толстой көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай; одан әрі оңтүстік-шығысқа қарай Ә. Сембинов көшесіне дейін; Ә. Сембинов көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай; одан кейін оңтүстік-батысқа қарай Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесінің бойымен солтүстікке қарай С. Сейфуллин көшесіне дейін; С. Сейфуллин көшесінің бойымен батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылының бойымен шығысқа қарай Алаш тас жолына дейін; Алаш тас жолының бойымен солтүстік-шығысқа қарай Ш. Жиенқұлова көшесіне дейін

13-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысынан басталады; Тұран даңғылының бойымен оңтүстік бағытымен; оңтүстік-шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылы бойымен Нұра-Есіл арнасына дейін; Нұра-Есіл арнасы бойымен оңтүстік-батысқа қарай санитарлық-қорғаныс жасыл аймақтың шекарасымен жобаланған көшесіне дейін; жобаланған көшесімен солтүстікке қарай Сығанақ көшесімен қиылысуына дейін; Сығанақ көшесімен шығысқа қарай Тұран даңғылымен қиылысу дейін

13-3

Аймақтың солтүстік шекарасы Абайдың 150 жылдығы көшесі мен Н. Тілендиев даңғылының қиылысынан басталады; Н. Тілендиев даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Сары-бұлақ арнасына дейін; Сары-бұлақ арнасының жағасымен оңтүстікке қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен батыс бағытында "Достық" гараж кооперативінің шекарасының бойымен жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Сары-бұлақ арнасының бұрышына дейін; Сары-бұлақ арнасының жағасымен оңтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен батысқа қарай; одан әрі солтүстікке қарай Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейін; Абайдың 150 жылдығы көшесінің бойымен солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін

14

14-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Абылай хан даңғылы мен Мұғалжар көшесінің қиылысынан басталады; Абылай хан даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Қордай көшесіне дейін; одан әрі Қордай көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай; одан әрі солтүстікке қарай Көкжелек көшесіне дейін; Қордай көшесінің бойымен солтүстік-батыс жағына; одан әрі солтүстікке қарай М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Мұғалжар көшесіне дейін; Мұғалжар көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Абылай хан даңғылымен қиылысқанға дейін

14-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Көктал мен № 52 көшелерінің қиылысынан басталады; Көктал көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылының бойымен шығысқа қарай Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейін; Абайдың 150 жылдығы көшесінің бойымен оңтүстікке қарай жобаланудағы көшелер бойымен Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен оңтүстік-батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Баршын көшесіне дейін; Баршын көшесінің бойымен солтүстікке қарай Қайнар көшесіне дейін; Қайнар көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Көктал көшесімен қиылысқанға дейін

15

15-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Алаш тас жолы мен темір жолдың қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ақ-бұлақ көшесіне дейін; Ақ-бұлақ өзенінің жағасымен оңтүстік-батысқа қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай А. Жұбанов көшесіне дейін; А. Жұбанов көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай № 1 қысқа көшеге дейін; № 1 көшенің бойымен солтүстік-батысқа қарай Е. Брусиловский көшесіне дейін; Е. Брусиловский көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Б. Бейсекбаев көшесіне дейін; Б. Бейсекбаев көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай С. Сейфуллин көшесіне дейін; С. Сейфуллин көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Ә. Сембинов көшесіне дейін; Ә. Сембинов көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай Л. Толстой көшесіне дейін; Л. Толстой көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай; одан әрі солтүстік-шығысқа қарай Ш. Жиенқұлова көшесіне дейін; Ш. Жиенқұлова көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Алаш тас жолына дейін; Алаш тас жолынан солтүстік-шығысқа қарай темір жолымен қиылысқанға дейін

15-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Нұра-Есіл арнасынан және Есіл өзенінен басталады; Есіл өзенінің жағасымен солтүстік-шығыс жағына қарай Тельман тұрғын алабының маңына; шығыс және оңтүстік шекаралар № 25 аймақтың сыртқы шекарасымен Нұра-Есіл арнасына дейін өтеді; Нұра-Есіл арнасының бойымен солтүстік-шығысқа қарай Есіл өзеніне дейін

15-3

Аймақтың солтүстік шекарасы Көктал көшесі мен темір жолдың қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Жерұйык көшесіне дейін; Жерұйык көшесінің бойымен солтүстік-батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; Ш. Бөкеев көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Конституция көшесіне дейін; Конституция көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін; А. Байтұрсынұлы көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Ақан сері көшесіне дейін; Ақан сері көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылының бойымен солтүстік-батысқа қарай Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай темір жолмен қиылысқанға дейін

16

16-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Алаш тас жолы және жобаланудағы көшенің қиылысынан басталады; жобаланудағы көшенің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ақ-бұлақ өзеніне дейін; Ақ-бұлақ өзенінің жағасымен оңтүстік-батысқа қарай темір жолға дейін; темір жолдың бойымен солтүстік-батысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай темір жолға дейін; темір жолдың бойымен солтүстік-батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстік-шығысқа қарай; одан әрі оңтүстік-шығысқа қарай Алаш тас жолымен қиылысқанға дейін

16-2

Аймақтың солтүстік шекарасы жобаланудағы көше мен Қарағанды-Астана тас жолының қиылысынан басталады; Қарағанды-Астана тас жолының бойымен шығысқа қарай гольф-клубына апаратын жолға дейін; гольф-клубына апаратын жолдың бойымен оңтүстік-батысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен шығысқа қарай; одан әрі оңтүстікке қарай; әрі батысқа қарай; әрі солтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің жағасымен солтүстік-батысқа қарай жобаланудағы көшеге дейін; жобаланудағы көшенің бойымен солтүстікке қарай Қарағанды-Астана тас жолымен қиылысқанға дейін

17

17-1

Железнодорожный тұрғын алабының аумағын қамтиды


17-2

Аймақтың солтүстік-батыс шекарасы жобаланудағы көшенің солтүстік-шығысына қарай Қабанбай батыр даңғылы мен Нұра-Есіл арнасы қиылысынан басталады; жобаланудағы көшенің бойымен № 229 көшеге дейін; № 229 көшенің бойымен Қабанбай батыр даңғылының қиылысына дейін; оңтүстік-батыс бағытындағы Қабанбай батыр даңғылының бойымен (Пригородный тұрғын алабының батыс бөлігін қамти отырып) Нұра-Есіл арнасына дейін; Нұра-Есіл арнасының бойымен солтүстікке қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін


17-3

Қорғалжының тас жолының № 4 сыртқы шекарасынан бастап Үркер мен Ильинка тұрғын алабы (Үмбетай жырау көшесі) бойымен (ені тас жолының өсінен 200 м қашықтықта) Исатай батыр көшесімен қиылысқанға дейін

18

18-1

Астана қаласының Халықаралық әуежай аумағын қамтиды

19

19-1

"Юбилейный", "Березка", "Рябинушка", "СМП-49", "ПМК Союзцелингаз", "Каздорпроект", "Исследователь", "Рыбка", "Труд-59", "Автомобилист-1" бағбандық қоғамдардың аумақтарын қамтиды "Маяк", "КДСМК", "СУ-203", "Целинтрансстрой", "Газаппаратура", "Строитель" бағбандық қоғамдардың аумақтарының бөліктерін қамтиды

19-2

"Зеленый дол", "Фламинго", "Икарус", "Почтовик", "Силикатчик", "Вишневый сад", "Зеленый остров", "СМП-667", "Зеленная роща МК", "Целлиник-2" бағбандық қоғамдардың аумақтарының қамтиды "Геолог", "Монтажник", "Дружба", "ДСК", "Садовод", "ТЭЦ-2", "Литейщик", "Строитель", "Ударник", "Строитель", "Березовая роща", "Керамик", "Целинник-1", "Снабженец", "Березка", "Мичуринец", "Газовик", "Щебсклад", "Журавушка", "Зеленая роща ВРЗ" бағбандық қоғамдардың аумақтарының қамтиды

19-3

Аймақтың солтүстік шекарасы жобаланудағы көше мен темір жолдың қиылысынан басталады; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай темір жолдың басқа тарауымен қиылысқанға дейін; сол тарауымен солтүстік-батысқа қарай Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Қайнар көшесіне дейін; Қайнар көшесімен батысқа қарай; одан әрі солтүстік-шығысқа қарай; одан әрі оңтүстік-шығысқа қарай; одан әрі солтүстікке қарай; одан әрі солтүстік-батысқа қарай; одан әрі солтүстікке қарай темір жолға дейін; темір жолдың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай жобаланудағы көшемен қиылысқанға дейін

20

20-1

Интернациональный тұрғын алабының аумағын қамтиды

21

21-1

Мичурин тұрғын алабының аумағын қамтиды

22

22-1

Ильинка тұрғын алабының аумағын қамтиды

23

23-1

Үркер тұрғын алабының аумағын қамтиды

24

24-1

Күйгенжар тұрғын алабының аумағын қамтиды

24-2

Астана қаласының аумағы, айналма жолдың бойы, бағалау аймақтарының сыртқы шекараларының бойы

25

25-1

Астана қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағының аумағын қамтиды

26

26-1

Қоянды бағбандық алабының аумағын қамтиды

26-2

Айналма жолының ар жағындағы Астана қаласының аумағы


      Астана қаласы

      мәслихатының хатшысы С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады