Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отынға шығындарын өтеу мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда № 3547 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 6С-24-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.10.2018 № 6С-24-8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 182 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 34-1 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отынға шығындарын өтеу мөлшері жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
А.Тайшытаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Н.Дьячек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады