"Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отынға шығындарын өтеу мөлшерін белгілеу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 6С-24-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 қазанда № 6820 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңдарына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отынға шығындарын өтеу мөлшерін белгілеу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3547 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 желтоқсанда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады