"Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № А-13/612 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 3618 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № А-5/225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.06.2013 № А-5/225 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ.Қожамжаров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрі                                   А.Жұмағалиев

Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ А-13/612 қаулысымен 
бекітілген      

«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Электрондық мемлекеттік қызмет «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші) немесе халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі- Орталық), сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz немесе www.elicense.kz мекенжайы бойынша «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – қызмет) негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық.
      5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен үшін акпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
      3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрғызылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтері бар, ол лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);
      4) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
      5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асырған кезде екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);
      6) «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);
      7) «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
      8) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет оған көрсетілетін жеке және заңды тұлға;
      9) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде іс-әрекетті іске асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      10) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі іс-әрекетті іске асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
      11) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъекті (алушы, қызмет беруші);
      12) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      13) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
      14) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      15) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекет қызмет;
      16) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға мәні тең электрондық құжат түріндегі лицензия;
      17) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, мемлекеттік органдардың, мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің немесе басқа ұйымдар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі;
      18) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны.

2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:
      1) тұтынушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-де тіркеуді жүзеге асырады, ол тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-де тіркелмеген алушылар үшін іске асырылады);
      2) 1-үдеріс – тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін алушының логині мен паролін ЭҮП-ге енгізу процессі (авторлау процессі);
      3) 1-шарт – тіркелген алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы ЭҮП-де тексеру;
      4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-де қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, тұтынушының сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса берумен нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
      6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;
      7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлем фактісін тексеру;
      8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЖСН ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестікті тексеру;
      11) 7-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастыру;
      12) 8-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
      13) 9-үдеріс – электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де тіркеу және сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;
      14) 4-шарт – қызмет көрсетушінің тұтынушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздерге сай екендігін тексеруі;
      15) 10-үдеріс – тұтынушы деректерінің «Е-лицензиялау» МДБ
АЖ-да бар бұзушылықтарына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11-үдеріс – тұтынушының ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      7. Қызмет беруші арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:
      1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің қызмет алу үшін
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға логин мен пароль енгізу процесі (авторлау процесі);
      2) 1-шарт – қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
      4) 3-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-үдеріс –ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға алушы деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      6) 2-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да тұтынушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет беруші қызметкерінің тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7-үдеріс – сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – қызмет көрсетушінің тұтынушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздерге сай екендігін тексеруі;
      11) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тұтынушы деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты деректерді алуынан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-үдеріс – тұтынушының ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      8. Қызмет көрсетуге сұрау салу және қызметке жауап беру нысандары www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында келтірілген.
      9. Сұрау салу өңделгеннен кейін тұтынушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:
      «ашу» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
      «сақтау» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі тұтынушы енгізген электрондық түрде (PDF файл) сақталады.
      10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың (1414).телефоны бойынша алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      1) қызмет беруші;
      2) тұтынушы.
      12. Әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелі сипаты әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      13. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      14. Тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке
3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      15. Тұтынушыларға қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғаныш);
      2) бүтіндік (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғаныш);
      3) қолжетімдік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғаныш).
      16. Қызмет көрсетудің технологиялық шарты:
      1) Интернетке шығу;
      2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН болуы;
      3) ЭҮП-мен авторлау;
      4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;
      5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.

«Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электрондық
мемлекеттік қызметінің   
регламентіне 1-қосымша   

1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаты

Әрекет (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮТШ

ЭҮП

Әрекет (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ куәлігін тіркеу

Тұтынушы деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады

Қызметті таңдайды және электрондық түрдегі қажет құжаттарды қоса берумен сұрау салу деректерін қалыптастырады

Қызметке ақы төлеу

Төлем болмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұрау салудың табысты қалыптасқандығы туралы хабарлама бейнелеу

Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Сұрау салудың табысты қалыптасқандығы туралы хабарлама бейнелеу

Әрекеттің табысты қалыптасқандығы туралы хабарлама бейнелеу

Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Орындау мерзімдері

10–15 сек

20 сек

1,5 мин

1,5 мин

10–15 сек

Келесі әрекеттің нөмірі

2 – егер тұтынушы деректерінде бұзушылықтар болса; 3 – егер авторлау ойдағыдай өтсе

4

5 – егер ақы төлемесе,
6 – егер ақы төлесе

кестенің жалғасы

6

7

8

9

10

11

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

ЭҮП

ЭҮП

Сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау

Тұтынушы ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады

ЭЦҚ көмегімен сұрау салуды куәландыру (қол қою)

«Е-лицензиялау» АЖ-да электрондық құжатты өтінішті (тұтынушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» АЖ-да сұрау салуды өңдеу

«Е-лицензиялау» АЖ-да тұтынушы деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Электрондық құжат (электрондық лицензия)

Сұрау салуды бағыттау

Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Сұрау салуды бағыттау

Өтінішке нөмір бере отырып, сұрау салуды тіркеу

Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Электрондық лицензия

10–15 сек

10-15 сек

1,5 мин

15 жұмыс күні

10 жұмыс күні

2 жұмыс күні

Лицензия беру.
қайтадан рәсімдеу
телнұсқасын беру

-

7-егер ЭҮП-де қате болса, 8 – егер ЭҮП қатесіз болса

-

-

10- қызмет берушінің тұтынушыны біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негізге сай екендігін тексеруі

-

2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаты

Әрекет (жұмыс барысының, ағынының)

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

Қызмет беруші

ЗТ МДБ

Әрекет (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторлаудан өтеді

Деректерде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады

Қызмет беруші қызметшісінің қызметті таңдауы

Сұрау салуды ЗТ МДБ-ға алушының деректерін тексеруге жолдау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұрау салудың ойдағыдай қалыптасқандығы туралы хабарлама бейнелеу

Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Сұрау салудың ойдағыдай қалыптасқандығы туралы хабарлама бейнелеу

Сұрау салуды маршруттау

Орындау мерзімдері

10–15 сек

10 сек

1,5 мин

1,5 мин

Келесі әрекет нөмірі

1–«Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да қызмет беруші қызметшісінің логині мен парольінің түпнұсқалылығын тексеру

4

5- егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар бар болса; 6- егер авторлау ойдағыдай өтсе

кестенің жалғасы

5

6

7

8

9

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

Қызмет беруші

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

Деректерде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Құжаттарды қосумен сұрау салу нысанын толтыру

«Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да электрондық құжатты тіркеу және «Е-лицензиялау» АЖ-да сұрау салуды өңдеу

«Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да деректерде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Электрондық құжат (электрондық лицензия)

Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Сұрау салудың ойдағыдай қалыптасқандығы туралы хабарлама бейнелеу

Өтінішке нөмір берумен сұрау салуды жүйеде тіркеу

Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Электрондық лицензия

1,5 мин

10 – 15 сек

15 жұмыс күні

-

-

-

8- егер «Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да сұрау салу бойынша деректер жоқ болса; 9- егер сұрау салу бойынша деректер табылса

-

-

3-кесте. Қызмет беруші арқылы ХҚО әрекеттерінің сипаты

1

№ әрекеттің

(барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

АЖО АЖ ХҚКО

Орталық операторы

Орталық операторы

МБД ЖТ, БНАЖ

3

Әрекеттің атауы (процесі, процедуралары, операциялар) және олардың бейнесі

Орталықтың операторы логин және порольмен авторландыру

Қызметті таңдап және осы сұранысты қалыптастырады

Сұраныстарды ГБД ФЛ, ЕНИС жолдау

Тұтынушының деректерінің жоқтығына байланысты деректерді алудың мүмкінсіздігі туралы хабарламаны жасайды

4

Аяқталу формасы (деректер, ұйымдастыру-өкімдік шешім құжат)





5

Орындау мерзімдері

30 сек – 1 минут

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

6

Келесі әрекеттің номері

2

3

4 – егер тұтынушының деректерінде бұзушылық болса; 5 – егер бұзушылық болмаса

-

кестенің жалғасы

5

6

7

8

9

Орталық операторы

Орталық операторы

АЖО ТШЭҮ

АЖО ТШЭҮ

АЖО ТШЭҮ

Сұранысты толтыру сұраныс формасына қажетті құжаттарды және ЭЦП куәлігін бекіту

Куәландырылған құжатты жолдау (қол қойылған) ЭЦП АЖО ТШЭҮ

Құжаттарды тіркеу

Тұтынушының құжаттарындағы бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны жасау

Тұтынушының қызметті алу нәтижесі






30 сек – 1 минут

1 минут

15 жұмыс күні
10 жұмыс күні
2 жұмыс күні

-

-

-

-

8 – егер бұзушылық болса; 9 – егер бұзушылық болмаса

-

-

«Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру электрондық 
мемлекеттік қызметінің    
регламентіне 2-қосымша    

Электрондық мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы (қағаз нұсқасын қараңыз)

Электрондық мемлекеттік қызметті қызмет беруші арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы (қағаз нұсқасын қараңыз)

Электрондық мемлекеттік қызметті ХҚКО АЖ арқылы көрсеткендегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы (қағаз нұсқасын қараңыз)

Шартты белгілер: (қағаз нұсқасын қараңыз)

«Медициналық қызметке лицензия 
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электрондық 
мемлекеттік қызметінің    
регламентіне 3-қосымша    

Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қол жетімділік» көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама нысаны

____________________________________________________
(қызметтің атауы)

      1. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне қанағаттандыңыз ба?
      1) қанағаттанбадым;
      2) ішінара қанағаттандым;
      3) қанағаттандым.
      2. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?
      1) қанағаттанбадым;
      2) ішінара қанағаттандым;
      3) қанағаттандым.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады