Көкшетау қаласындағы үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № А-2/194 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 1 наурызда № 1-1-167 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № А-2/158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 06.02.2015 № А-2/158 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес және Көкшетау қаласының үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларына материалдық көмек көрсету мақсатында Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қаласындағы үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын алты есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек ұсынылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Кәкпеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М.Батырханов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Көкшетау қаласының білім
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Х.Х.Ғазизов

      «Көкшетау қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ.А.Ахметов

      «Көкшетау қаласының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Б.Омарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады