Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № С-5/7 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 мамырда № 1-1-175 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 51 «Көкшетау» газетінде және 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 51 «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 2, 3, 5, 7, 9 тармақшалары жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
      отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіш болатын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда біржолғы отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
      «3) 1, 2 және 3 топ мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне сауықтыру үшін өтініштің берілген күніне сәйкес кезек бойынша;»;
      «5) отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіш болатын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
      «7) Көкшетау қаласындағы мемлекеттік медициналық мекемелермен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған жоғары медициналық оқу орындарының студенттерінің соңғы курс оқуының төлемі ұсынылған шотқа сәйкес төленсін;»;
      «9) мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімінің негізінде осы тармақшада көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
      9 Мамыр Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
      фашистік лагерьлерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға - 3000 теңге;
      блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
      марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
      соғыс жылдары алты және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
      балаларды қорғау Күніне:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 85, 90 және одан да жоғары жасқа толған мерейтой иелеріне біржолғы - 5 000 теңге;
      90 жасқа толған зейнеткерлерге - 50 000 теңге;
      100 жасқа толған зейнеткерлерге - 100 000 теңге;».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      5 сессияның төрайымы                       С.Мұратбекова

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Бегалин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады