Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 14.11.2014 № а-11/502 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде оқитын мүгедек-балаларға, тоқсан сайын әр мүгедек-балаға алты ай есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету.
2. Материалдық қамтамасыздандыру төлемдерін тоқтатуға әсер еткен жағдайлар пайда болған кезде (мектепті аяқтауы, мүгедек-баланың 18 жасқа жеткені, мүгедек-баланың қайтыс болуы, мүгедектігінің алынуы, тұрғылықты жері өзгеруі, үйде оқытуға қажеттілігінің жоқтығы туралы психико-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының болуы) тиісті жағдайлар түскен күннен бастап төлем тоқтатылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі А.Никишов
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Степногорск қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Л.Белоглядова