Степногорск қаласы азаматтарының мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 5С-3/5 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 сәуірде № 1-2-162 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 24.12.2013 № 5С-25/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының, 1 тармағының, 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қаласы азаматтарының мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) отбасының (азаматтың) орташа жан басылық табысына қарамастан, белгіленген жағдай туған кезде жедел әлеуметтік көмекте мұқтаж болатын отбасыларға (азаматтарға):
      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиямен және туберкулезбен ауратындарға және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге жылына бір рет 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
      өрт, су тасқыны, басқа да табиғи немесе техногендік сиппаттағы апат сияқты төтенше жағдайларына ұшыраған кезде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы, жылына бір рет;
      2) Ақмола облысының аумағында тегін операция жасау баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін зейнеткерлерге 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде, жылына бір рет;
      3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың есебінен аз қамтылған отбасыларға 15000 (он бес мың) теңге, жылына бір рет;
      4) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының «Зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлкеттік орталығы» Степногорск бөлімшесімен ұсынылатын тізіміне сәйкес көрсетілген тармақшадағы тұлғалардың есеп айырысу шотына қаражат аудару жолымен өтініш бермей-ақ төленетін мерекелік күндерге арналған біржолғы ақшалай төлемдер:
      Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне 15000 (он бес мың) теңге, жеңілдік пен кепілдік бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңістірілген тұлғаларға 5000 (бес мың) теңге, жеңілдік пен кепілдік бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңістірілген басқа да санаттағы тұлғаларға – 3000 (үш мың) теңге;
      қарттар күніне орай - 90 жасқа толған және одан жоғары жасы бойынша зейнеткерлерге, төменгі және төменгі мөлшелерден аз зейнетақысы бар зейнеткерлерге – 2000 (екі мың) тенге;
      мүгедектер күніне орай – зейнеткерлік жасына жетпеген, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге 2000 (екі мың) теңге;
      5) өтініш бермей – ақ, ай сайын:
      амбулаторлық емдеуді өткізу кезеңінде туберкулезбен ауратын ауруларға, фтизиатарда есепте тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балаларға қосымша тамақтануға Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Степногорск аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұсынған тізімдердің негізінде 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшелеріндегі төлем;
      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, Ауғастандағы соғыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының «Зейнетақыны төлеу бойынша мемлкеттік орталығы» Степногорск бөлімшесімен ұсынылатын тізімдердің негізінде коммуналдық қызмет төлемі шығындарының өтемі үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек;
      6) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдердің негізінде тірек –қозғалтқыш аппараты бұзылған, қолмен басқаратын автокөліктері бар 1 және 2 топтағы мүгедектерге АИ-80 маркалы жанармайды сатып алуға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет төленетін ақшалай төлем.
      2. 1 тармағының 4) және 5) тармақшаларынан басқа қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті алу үшін қажет ететін құжаттардың тізбесін бекіту.
      3. «Степногорск қаласы азаматтарының мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы № 4С-32/5 (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-133 тіркелген, 2010 жылғы 19 тамызда «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Агеев

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ. Көпеева

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Степногорск қаласының әкімі                А. Никишов

      «Степногорск қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Л. Белоглядова

      «Степногорск қаласының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ш. Төлегенова

Степногорск қалалық
мәслихатының шешіміне
2012 жылғы 3 сәуірдегі
№ 5С-3/5
қосымша

Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

      1. Денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиямен және туберкулезбен ауратындарға және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп-шотының көшірмесі;
      4) денсаулық сақтау ұйымдарынан анықтамасы, дәрігерлік-
      кеңестік комиссиясының қорытындысы (ары қарай ДКК).
      2. Өрт, су тасқыны, басқа да табиғи немесе техногендік сипаттағы апат сияқты төтенше жағдайлар кезінде жәрдемақы үшін:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп-шотының көшірмесі;
      4) алушының тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) төтенше жағдайлар бойынша органмен берілетін акт;
      6) салық төлеушісінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (ары қарай СТН).
      3. Ақмола облысының аумағында тегін операция жасау үшін баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін зейнеткерлерге:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп-шотының көшірмесі;
      4) денсаулық сақтау ұйымдарының зерттеуге жолдамасы, ДКК қорытындысы;
      5) ауруханаға жатуға және операцияға денсаулық сақтау ұйымдарынан жолдамасының көшірмесі;
      6) алушының тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың санынан аз қамсыздандырылған отбасыларға:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп-шотының көшірмесі;
      4) СТН көшірмесі;
      5) аз қамсыздандырылған азаматтар санатына жататынын дәлелдейтіні туралы «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аңықтамасы.
      5. Тірек-қозғалтқыш аппараты бұзылған, қолмен басқару автокөліктері бар 1 және 2 топтағы мүгедектерге АИ-80 маркалы жанармайды сатып алуға:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің төлқұжатының көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп-шотының көшірмесі;
      4) алушының тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) мүгедектігі туралы анықтама;
      6) СТН көшірмесі;
      7) автокөліктің техникалық құжаттың көшірмесі;
      8) жүргізуші куәлігінің көшірмесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады