Степногорск қаласы азаматтарының мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы № 4С-32/5 шешімі. Ақмола облысы Степнгорск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамыздағы № 1-2-133 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 5С-3/5 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық  мәслихатының 2012.04.03 № 5С-3/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Степногорск қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанында құрылатын комиссиясы шешімінің негізінде Степногорск қаласы азаматтарының мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) жан басының орташа табысы өмір сүру шегінен төмен (бұдан әрі-аз қамтылған отбасылар (азаматтар)) отбасыларына (азаматтарға) және Степногорск қаласында тұрақты тұратын көп балалы отбасыларға өтініші бойынша баласын сауықтыру үшін жолдама алуға жылына бір рет жолдама құны көлемінде;
      2) отбасының орташа жан басылық табысына қарамастан жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж, қиын тіршілік жағдайындағы отбасыларына (азаматтарға):
      ұзақ уақыт бойы емделіп жатқан және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратындарға жылына бір рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен көп емес көлемде;
      Өрт, су тасқыны, басқа да табиғи немесе техногендік сипаттағы апат сияқты төтенше жағдайларға ұшыраған отбасыларына (азаматтарға) 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен 150 (бір жүз елу) айлық есептік көрсеткішке дейін көлемде бір реткі көмек;
      3) Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет төлемінің шығындарын өтеуге ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      4) зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында тегін операция жасау баламасы жоқ, ақылы операция жасауға-аталмыш операцияның құны көлемінде, бірақ 15 айлық есептік көрсеткіштен көп емес көлемде бір реткі көмек;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, жеңілдік және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне теңістірілген тұлғаларға, сонымен қатар Семей ядролық полигон аймағында зардап шеккен тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауруханаға жатуға жол шығындары үшін – темір жол, автомобиль (таксиден басқа) жолаушы көлігі түрлерімен жолға шыққан станциядан ауруханаға жатқызатын орынға дейінгі жолақы құнының 100 пайызы көлемінде, жол жүру құжаттарының негізінде (бару және кері қайту) бір реткі көмек;
      6) ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасыларының студентеріне білім беру мекемелерімен келісім-шарт негізінде колледждердегі оқу төлемі үшін оқу құнының көлеміндегі бір жолғы ақшалай төлем;
      7) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Степногорск қалалық «Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» бөлімшесінің ұсынған тізіміне сәйкес көрселген тармақшадағы тұлғалардың есеп айырысу шотына қаражат аудару жолымен өтініш бермей-ақ төленетін мерекелік күндерге арналған біржолғы ақшалай төлемдер;
      Жеңіс күніне орай-Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, жеңілдік және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне теңістірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңдегі тылдағы еңбек өтілі 6 айдан кем емес тұлғаларға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемінде;
      Балаларды қорғау күніне орай – он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, табысы аз отбасылардың балаларына, жетім – балаларға-5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай – «Ардақты ана» медалімен немесе «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналарға- 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Қарттар күніне орай – 90 жасқа толған және одан жоғары жасы бойынша зейнеткерлерге, төменгі және төменгі мөлшерден аз зейнетақысы бар зейнеткерлерге-5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Мүгедектер күніне орай – 1,2,3 топтағы мүгедектерге 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      8) ай сайын:
      Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Степногорск аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансері» Мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдердің негізінде ДОТС бағдарламасы бойынша қолданатын нысанында емдеуді өткізу кезеңінде туберкулезбен ауратын ауруларға, фтизиатрда есепте тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балаларға қосымша тамақтануға берілетін 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі төлем;
      Атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасыларының әрбір мүшесіне азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына байланысты өтініш бермей-ақ 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы ақшалай көмек;
      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да ерексіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Степногорск қалалық «Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» бөлімшесінің тізімінің негізінде коммуналдық қызмет төлемі шығындарының өтемі үшін 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек;
      9) «Степногорск қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдердің негізінде тірек – қозғалтқыш аппараты бұзылған 1 және 2 топтағы мүгедектерге АИ -80 маркалы жанармайды сатып алуға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде жылына бір рет төленетін ақшалай төлем;
      10) 1 қыркүйекке - бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасыларына, оның ішінде орта білім беру, орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын аяқтау уақытына дейін, бірақ жасы 23 жастан аспаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      2. Өкілетті орган-«Степногорск қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған санаттарға әлеуметтік көмек көрсету және төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Әлеуметтік көмек «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат есебіне жүргізіледі.
      4. Әлеуметтік көмек алушылардың есеп шотына қаражат аудару бойынша қызметтер төлемі Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес «Казпочта» Акционерлік қоғамы, «Қазақстанның халық банкі» Акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы және «Степногорск қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында жасалған келісім-шарттың негізінде жүргізіледі.
      5. Степногорск қалалық мәслихатының: 2008 жылғы 20 қарашадағы № 4С-13/4 “Азаматтардың мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы” шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 1-2-98 тіркелген, “Вечерний Степногорск” және “Степногорск ақшамы” газеттерінде 2009 жылғы 16 қаңтарда жарияланған), 2009 жылғы 24 маусымдағы № 4С-22/4 «2008 жылғы 20 қарашадағы № 4С-13/4 “Азаматтардың мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 1-2-116 тіркелген, “Вечерний Степногорск” және “Степногорск ақшамы” газеттерінде 2009 жылғы 31 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Р. Сахневич

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ. Көпеева

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Степногорск қаласының әкімі                А. Никишов

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі бастығының м.а        Ф. Жукова

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі бастығының м.а            А. Бұғыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады