Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 қыркүйекте № 3439 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 6С-7/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.07.2016 № 6С-7/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 қазандағы № 3С-21/2 "Жиналыстарды, митингілерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-18 болып тіркелген, 2005 жылғы 20 қазанда "Престиж" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Х.Шакенов
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Степногорск қаласының
әкімі
М.Тақамбаев

  Степногорск қалалық
мәслихатының 2012 жылғы
8 тамыздағы № 5С-8/5
шешіміне қосымша

Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізілетін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 05.09.2013 № 5С-21/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Елді мекен атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Степногорск қаласы
"Мирас" мәдениет үйінің алдындағы алаң, 2 шағын аудан, 1
2
Заводской кенті
кітапхана алдындағы алаң, Мира көшесі 11 А
3
Ақсу кенті
мәдениет үйінің алдындағы алаң, Қабылден Амантай көшесі, 3
4
Шаңтөбе кенті
мәдениет үйінің алдындағы алаң, 1 шағын аудан, 23
5
Бестөбе кенті
мәдениет үйінің алдындағы алаң, Мира көшесі, 492
6
Қарабұлақ селосы
кітапхана алдындағы алаң, Ленин көшесі, 24
7
Қырық құдық ауылы
ауылдың орталық алаңы, Бөгенбай Батыр көшесі, 9
8
Изобильный ауылы
ауылдың орталық алаңы, Казахстанская көшесі, 9
9
Степногорское ауылы
ауылдың орталық алаңы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1
10
Бөгенбай ауылы
ауылдың орталық алаңы, Мектеп көшесі, 2

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады