Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/5 "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 5С-21/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қазанда № 3838 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 6С-7/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.07.2016 № 6С-7/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәcлихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қыркүйекте "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Сабыров
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ
      Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев

  Степногорск қалалық мәслихатының
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 5С-21/4 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар


Елді мекен атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Степногорск қаласы
"Мирас" мәдениет үйінің алдындағы алаң, 2 шағын аудан, 1
2
Заводской кенті
кітапхана алдындағы алаң, Мира көшесі, 11А
3
Ақсу кенті
мәдениет үйінің алдындағы алаң, Қабылден Амантай көшесі, 3
4
Шаңтөбе кенті
мәдениет үйінің алдындағы алаң, 1 шағын аудан, 23
5
Бестөбе кенті
мәдениет үйінің алдындағы алаң, Мира көшесі, 492
6
Қарабұлақ селосы
кітапхана алдындағы алаң, Ленин көшесі, 24
7
Қырық құдық ауылы
ауылдың орталық алаңы, Бөгенбай Батыр көшесі, 9
8
Изобильный ауылы
ауылдың орталық алаңы, Казахстанская көшесі, 9
9
Степногорское ауылы
ауылдың орталық алаңы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1
10
Бөгенбай ауылы
ауылдың орталық алаңы, Мектеп көшесі, 2

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады