Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43 - 3 "Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 қарашадағы № С-10/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда № 3516 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 01.07.2015 № С 48-9 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 «Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-3-163 тіркелген, 2011 жылғы 4 қарашада аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінде:
      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Тұрғын үй көмегi – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ақкөл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалған шығыстарын;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге беріледi.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»;
      2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «2. Тұрғын үй көмегi жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқан отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына шама шегiндегі жұмсалған шығыстарына төленген сомасының және отбасының осы мақсаттарға жұмсалған шығыстарының шектi ұйғарымды деңгейiнің арасындағы айырмасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына жұмсалған шығыстары үшін отбасының бір айдағы шектi ұйғарымды деңгейiнің шығыстары отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне 15 пайыз көлемiнде белгiленедi.
      Тұрғын үйдi күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға жұмсалған төлемақысы белгiленген шамадан артық болғанда, жалпыға бiрдей негізде жүргізіледі.»;
      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Коммуналдық қызметтердің өтемақы мөлшерлері шектелген шамалардан артық емес мөлшерінде, газбен қамтамасыз еткені үшін бір адамға бір айда 4 килограммнан, бірақ отбасыны алғанда 16 килограммнан немесе 2 баллоннан артық емес, сумен қамтамасыз еткені үшін және канализацияға бір адамға бір айда 2,5 шаршы метрден артық емес, үй жанындағы жер телімін суару  бір айда бір жүздікке 3 шаршы метрден артық емес, электр қуатымен қамтамасыз еткені үшін санауыштың көрсеткіштері бойынша, бірақ бір адамға бір айда 100 киловаттан және отбасыға 200 киловаттан артық емес мөлшерінде бекітілсін.
      Қатты отынды пайдаланғаны үшін өтемақы жергілікті жылуы бар үйлер үшін пайдалы ауданының 1 шаршы метрге 83 килограмм мөлшерінде (қазан айы мен сәуір айы аралығындағы жылу беру мерзіміне), бірақ отбасыға 5 тоннадан көп емес мөлшерінде бекітілсін. Көмір бағасын өткен тоқсанда жинақталған санақ мәліметтері бойынша орташа бағасымен алынсын.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде көмірді мерзімдік сатып алуына байланысты, қатты отын шығындарының өтемақы мөлшерлері шегінде жылу беру мерзімі кезеңінде өтініш берген тоқсанның үш айына жылына бір рет ескеріледі.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде шығын мөлшері мен жергілікті жылу беру үшін қолданылатын басқа отын түрінің бағасын шығынның эквиваленттік мөлшеріне және көмірдің құнына есептелінсін.»;
      6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі өтінішті үй иесі, үйді жалға алушы (қосымша жалдаушысы) мына құжаттарды қоса тапсырады:
      1) өтініш берген азаматтың жеке куәлік құжатының көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығы барын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, немесе ауылдық (селолық) әкімнің анықтамасы), немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының өткен тоқсандағы табысын растайтын құжаттары;
      5) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттың көшірмесі (қалалық телекоммуникация желісінің абонентіне);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтері үшін төлем шоттары (түбіртектер), ал орталық жылу болған жағдайда ағымдағы жылу беру мерзіміне жылу беру бойынша қызметтерді ұсыну туралы келісім шарттың көшірмесі;
      7) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге (кондоминиум объектiнің жалпы мүлкінің күрделі жөндегені үшін өтемақыны алуға құқығы бар отбасыларға) арналған мақсатты жарнаның көлемi туралы шоты;
      8) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоты;
      9) тұрғын үйді қолданғаны үшін жергілікті атқарушы органы ұсынатын жалгерлік төлемақының көлемі туралы шоты;
      10) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге арналған түбіртектер-шоттар.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.»;
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Г.Нұрова

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ж.Салыбекова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          А.К.Кривицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады