Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы № 10/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 3566 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 37/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 06.01.2015 № 37/2 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 14/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 14/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       С.Жакенова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аршалы ауданының әкімі                     Т.Мұханбеджанов

Аршалы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 06 желтоқсандағы
№ 10/2 шешімімен    
БЕКІТІЛДІ       

Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы
Қағидасы

      Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 14/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 14/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Тараудың атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 14/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен аудан аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      2) тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды;
      4) алынып тасталды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 25/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 25/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
      Электр қуатын беру нормасы бір адамға айына 75 киловаттан артық емес белгіленсін.
      Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептеу үшін отын шығыны бір айға 1 шаршы метрге 199 килограмм мөлшері есепке алынады.
      Аудан бойынша көмір бағасын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеу тоқсанының алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша орташа бағасы қолданылсын.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды, бюджет қаражатын тарату бойынша уәкілетті орган болып "Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      4. Тұрғын үй көмегі аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады. Есептеулер ағымдағы тоқсанда жүргізіледі, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      Тұрғын үй көмегі ағымдағы толық тоқсанға тағайындалады.
      Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалға алушының (қосымша жалға алушының) құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар;
      5) коммуналдық қызметтерді пайдаланудың есептері;
      6) алынып тасталды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 25/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      7) мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі;
      9) жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу мөлшері туралы шоттар.
      Құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқалармен бірге беріледі, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары сол күнде өтініш берушіге қайтарылады.
      Өзгерістер пайда болған жағдайда (тұрғын үй түрі, отбасы құрамы) өтініш беруші өзгерістер пайда болғаннан бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 25/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Тұрғын үй көмегін өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарайтын және тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаратын тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган тағайындайды.
      7. Ақпараттың сенімділігінде күмән пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу бойынша уәкілетті орган өтініш берушіден немесе тиісті органдардан тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын қосымша мәлімет беруді сұрайды.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін үлесі аспаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін беруден бас тартады.
      Ескерту. 7 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 14/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн уәкілетті орган екiншi деңгейлi банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушының, жеке шоттарына аударуды жүзеге асырады.
      Тұрғын үй көмегін төлеу қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      9. "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығы негізінде есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады