Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы № 10/2 "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 25/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 4124 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 37/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 06.01.2015 № 37/2 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы аудандық мәслихатының «Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 06 желтоқсандағы № 10/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3566 тіркелген, 2013 жылдың 6 қаңтарында аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2013 жылдың 12 қаңтарында аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген, Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
      1 тараудың 1 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      1 тараудың 1 тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы азат жолдары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
      2 тараудың 5 тармақта:
      3) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;
      6) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Лебедев

      Аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ

      Аршалы ауданының әкімі                     Қ.Қарауылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады