Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 21.01.2014 № 267 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы ауданының селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына:
1) жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысына бюджеттік кредит түрінде 2013 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Аршалы аудандық мәслихаттың «2012 жылға арналған Аршалы ауданының селолық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2012 жылғы 3 тамыздағы № 7/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-4-215 тіркелген, 2012 жылдың 6 қыркүйегінде аудандық «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ю.Сериков
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ю.Сериков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Т.Мұханбеджанов