Бірсуат селолық округінің Шалғай ауылына шектелім шараларының жүргізілуімен карантинді аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Бірсуат селолық округі әкімшілігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 09 шешімі. Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 мамырда № 1-4-210 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 04 сәуірдегі № 67 ұсыныс хаты негізінде Бірсуат селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Бірсуат селолық округінің Шалғай ауылына шектелім шараларының жүргізілуімен карантинді аймақтың ветеринариялық режимі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 4 сәуірден пайда болған құқықтық қатынасқа қолданады.

                                                 Оралқанова Г.

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      «Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      Комитетінің Аршалы аудандық
      аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С.Емшанова

      Қазақстан Республикасы
      денсаулық сақтау Министрлігі «Ақмола
      облысы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау Комитетінің Департаменті
      Аршалы ауданының мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        О.Кәкімбеков

      Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігі «Ақмола облысы
      бойынша ішкі істер Департаментінің
      Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Саханов

      «Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы «Аршалы
      орталық аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорыны бас дәрігері                    В.Биджиев

Бірсуат селолық
округі әкімінің 2012 жылғы
21 мамырдағы № 09 шешіміне
қосымша

Шектелім шаралары

№ р/с

Атқарылатын
іс шаралардың мазмұны

Орындалу мерзімі

Орындалуына жауаптылар

1.

Халық арасында құтырма ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

шектеу салған мерзімінде

«Бірсуат селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы Аршалы ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

Құтыру ауруының белгісі бар ауру жануарларды анықтап жою және ветеринарлық талаптарға сәйкес залалсыздандыру іс шараларын алу,құтыру ауруы белгісі бар өлекселерді өртеу арқылы жоюды ұйымдастыру

шектеу салған мерзімінде

«Бірсуат селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы Аршалы ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3.

Эпидемияға қарсы қажетті іс шаралар өткізу

шектеу салған мерзімінде

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Аршалы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау Комитетінің Департаменті Аршалы ауданының мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

4.

Құтыруды қабылдаған барлық жануарларға егу өткізу және ауру ошағын заласыздандыру

шектеу салған мерзімінде

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряды» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы Аршалы ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5.

Үй жануарларын сатуды, ауру ошағынан мал өнімдерін шығаруды, иттер мен мысықтарды ауру ошағынан шығаруды тоқтату

шектеу салған мерзімінде

«Бірсуат селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі «Ақмола облысы бойынша ішкі істер Департаментінің Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша),
«Ақмола облысы Аршалы ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады