Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 05.11.2014 № 116 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Астрахан ауданынындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 15 қарашадағы № 4С-39-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-159 тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсанда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1) Астрахан аудандық бөлімшесінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде, өтініш берусіз мерекелік күндерге арналған біржолғы төлемдер:
9 мамыр – Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он бес мың теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларға теңестірілген адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына үш мың теңге мөлшерінде;
ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге екі мың теңге мөлшерінде;
Мүгедектер Күніне:
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үш мың теңге мөлшерінде;»
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық
мәслихатының сессия
төрайымы Ж.Дүйсекеева
Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы В.Собеский
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов