Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 248 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 23.06.2014 № 206 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, тоқсан сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Астрахан ауданы әкімдігінің «Үйден оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 1-ақпандағы № 42, (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 23-ақпанында 1-6-165 нөмірімен тіркелген, «Маяк» газетінің 2012 жылғы 16 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов