Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2012.05.18 № А-05/209 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» № 316 қаулысына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне, орта және жоғары білімнен кейін 29 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды алған кәсіптері (мамандықтары) бойынша бастапқы жұмыс тәжірбиесін алу үшін жұмысқа орналастыру мақсатында Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданында 2012 жылда жастар практикасы ұйымдастырылсын.
2. Бұланды ауданында жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін:
1 қосымшаға сәйкес, республикалық бюджеттен;
2 қосымшаға сәйкес, аудандық бюджеттен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
қаржы министрлігі салық
комитетінің Ақмола облысы
бойынша салық департаменті,
Бұланды ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы Әбілдин О.Б.
1 қосымша
Бұланды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ А-01/58 қаулысымен
бекітілген
Жұмыс берушінің, мамандық, жұмыс орнының саны,
айлық жалақы көлемі, жұмыстың ай бойынша ұзақтығы тізімі
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Мамандығы |
Ұйымдастырылатын жұмыс орындары |
Айлық жалақы көлемі, теңге |
Жастар тәжірибе |
1 |
«Бұланды аудандық Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
1 |
26000 |
6 |
2 |
Бұланды ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
бухгалтер |
1 |
26000 |
6 |
3 |
«Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі салық комитетінің Ақмола облысы бойынша салық департаменті Бұланды ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
заңгер экономист бухгалтер программист |
2 1 1 1 |
26000 26000 26000 26000 |
6 6 6 6 |
БАРЛЫҒЫ |
7 |
2 қосымша
Бұланды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ А-01/58 қаулысымен
бекітілген
Жұмыс берушінің, мамандық, жұмыс орнының саны, айлық
жалақы көлемі, жұмыстың ай бойынша ұзақтығы тізімі
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Мамандығы |
Ұйымдас |
Айлық жалақы көлемі, теңге |
Жастар тәжірибе |
1 |
«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
бухгалтер |
1 |
17439 |
6 |
2 |
«Зама-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
бухгалтер |
1 |
17439 |
6 |
3 |
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі |
программист |
1 |
17439 |
6 |
4 |
«Никольск селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
мемлекттік және |
1 |
17439 |
6 |
5 |
Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
дизайнер |
1 |
17439 |
6 |
БАРЛЫҒЫ |
5 |