Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/3 "Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 5С-10/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 қарашада № 3502 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-15/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-15/4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-7-156 тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымдағы «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасалсын:
      1) Жеңіс күні мемлекеттік мерекесіне біржолғы:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он бес мың теңге мөлшерінде;
      концлагерлердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына бес мың теңге мөлшерінде;
      соғыс іс-қимылдары жүргізілген кезеңде оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге; соғыс іс-қимылдар жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамындағы әскери қызметшілерге; Ауғанстанда кеңес әскери контигентіне қызмет көрсеткен, жарақат, контузия және мертіккен, немесе соғыс іс-қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге; 1986-1987 жылдарда Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, әскери немесе азаматтық мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа уақытта әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде майданда, сондай-ақ Ауғанстанда немесе әскери іс-қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде болуына байланысты жаралану, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін атқару кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған адамдарға; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысу салдарынан мүгедек болған адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
      бейбіт уақытта әскери қызмет өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, әскери немесе азаматтық мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысу кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), партизандарға, астыртын жұмыстағыларға, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Блокадалық Ленинградтың тұрғыны» белгісімен наградталған, ортақ аурулардың, еңбек жарақатын алу және басқа да себептермен (заңға қайшы келмеген жағдайда) мүгедек деп танылған азаматтарға, басқа некеге тұрмаса, үш мың теңге мөлшерінде;
      2) Қарттар күні мерекесіне ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге екі мың теңге мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдердің негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды жүз пайыз өтеу үшін;
      4) ұзақ уақыт емделудегі табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын онкологиялық аурумен және туберкулезбен ауыратын азаматтарға жылына бір рет 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және дәрі-дәрмек алуға;
      5) ұзақ уақыт амбулаториялық емделудегі туберкулезбен ауыратын науқастарға жылына бір рет 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде облыстық мамандарға консультацияға баруға;
      6) ауданының тұрмысы төмен отбасылардан және ауылдық жерлерінде тұратын көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндіз оқитын студенттерге, оқу орнымен шарт негізінде, жылына бір рет білім беру қызметінің жылдық құны мөлшерінде;
      7) коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының Ақмола облысы, Бұланды аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдердің негізінде ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
      3-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу үшін қажетті толық құжаттардың тізбесі белгіленсін:
      1) 1-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін –«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдері;
      2) 1-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санат үшін – коммуналдық төлемді төлегені туралы түбіртек, есеп-шоты, реестрлер, тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжайы туралы анықтама немесе селолық және/немесе ауылдық округ әкімдерінің анықтамасы);
      3) 1-тармақтың 4), 5) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – өтініш, осы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке сәйкестендірме коды (банк шотының нөмірі), жеке куәлігінің көшірмесі немесе 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесі (мекенжай анықтамасы немесе селолық, ауылдық округ әкімінің анықтамасы), медицина мекемесінің емделуге жіберген жолдаманың көшірмесі, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Бұланды орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдердің негізінде;
      ұзақ уақыт емделудегі онкологиялық аурумен ауыратын азаматтарға отбасы саны мен отбасы мүшелерінің табысын айқындайтын құжаттар;
      4) 1-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санат үшін - өтініш, материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, азаматтарды тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесі (мекен - жайлық анықтама немесе селолық немесе ауылдық округ әкімдерінің анықтамасы), салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, жеке сәйкестендірме коды (банк шотының нөмірі).
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Кезектен тыс 10-сессияның
      төрағасы                                   Б.Қажақанов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш.Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының әкімі                    М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады