Егіндікөл ауданында 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № А-2/43 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 ақпанда № 1-8-120 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № А-5/151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012.05.21 № А-5/151 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданында 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Қосымшалар бекітілсін:
      1) 1 қосымшаға сәйкес, 2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Егіндікөл ауданының жұмыс берушілерінің тізімі;
      2) 2 қосымшаға сәйкес, 2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Егіндікөл ауданының жұмыс берушілерінің тізімі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                        Б.Сұлтанов

Егіндікөл ауданы
әкімдігінің 2012 жылғы
1 ақпандағы № А-2/43
қаулысына 1 қосымша

2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
Егіндікөл ауданының жұмыс берушілерінің
тізімі

№ п/п

Жұмыс беруші

Қандай кәсіпке қабылдау жоспарланып отыр
(лауазымы)

Әлеу
меттік
жұмыс орындарының орны

Орта ай
лық ең
бек ақы
сы, тең
ге

Айлар бойынша жұмыстың ұзақтығы

Мемлекеттік (жергілікті)
бюджетінің есебінен өтелетін орта айлық еңбек ақысының мөлшері, теңге

1

«Сарымсақты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газдыэлектрлі
дәнекерлеуші

1

17439

6

8719,5

2

«Сарымсақты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жұмыскер

3

17439

6

8719,5

3

«Армавирский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газдыэлектрлі дәнекерлеуші

1

17439

6

8719,5

4

«Армавирский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жұмыскер

3

17439

6

8719,5

5

«Ырзық» ш/қ

Жұмыскер

1

17439

6

8719,5

6

«Ырзық» ш/қ

Аспазшы

1

17439

6

87,19,5

7

«АСЛАН» Ж/К

Сатушы,

1

17439

6

8719,5

8

«АСЛАН» Ж/К

Сатушының көмекшісі

1

17439

6

8719,5

9

«Лео» ш/қ

Жұмыскер

1

17439

6

8719,5

10

«Қазақстан-
Шаңырағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жұмыскер

6

17439

6

8719,5

ж/к - жеке кәсіпкерлігі
ш/қ - шаруа қожалығы Егіндікөл ауданы әкімдігінің

Егіндікөл ауданы
әкімдігінің 2012 жылғы
1 ақпандағы № А-2/43
қаулысына 2 қосымша

2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылатын, әлеуметтік жұмыс орындарынан
өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілердің
тізбесі

р/с

Жұмыс беруші

Қандай кәсіпке қабылдау жоспарланып отыр
(лауазымы)

Әлеу
меттік
жұмыс орын
дары
ның орны

Орта айлық еңбек ақысы, теңге

Айлар бойын
ша жұмыс
тың ұзақтығы

Мемлекеттік (республи
калық)
бюджетінің есебінен өтелетін орта айлық еңбек ақысының мөлшері, теңге

1

«Қазақстан-
Шаңырағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газдыэлектрлі дәнекерлеуші

2

52000

12

26000

2

«Қазақстан-
Шаңырағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аспазшы

1

52000

12

26000

3

«Гулбарам» ш/қ

Газдыэлектрлі дәнекерлеуші

4

52000

12

26000

4

«Лео» ш/қ

Аспазшы

1

52000

12

26000

5

«Қазақстан-
Шаңырағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Механизатор

3

40000

12

20000

6

«СУНКАР» Ш/Қ

Жұмыскер

1

52000

12

26000

7

Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Егіндікөл Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Слесарь

1

52000

12

26000

Ш/Қ-шаруа қожалығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады