2012 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № А-4/116 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 мамырда № 1-8-128 тіркелді. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 10 маусымдағы № 495 хатымен)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 495 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.К.Жұматоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады