Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № А-7/202 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 тамызда № 1-8-133 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № a-4/83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 17.04.2014 № a-4/83 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің  18238 баптарына, «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесімен келісу туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 5С2-5 шешіміне сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б.Сұлтанов

Егіндікөл ауданы
әкімдігінің 2012 жылғы
5 шілдедегі № А-7/202
қаулысына қосымша

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының
лауазымдық тізбесі

      1. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсiпорнының және мемлекеттiк мекеме басшысы мен орынбасары;
      2) мамандар, оның iшiнде: барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдерi, медбикелер, кiтапханашы, тәрбиешi, тәлiмгер, оқытушылар, музыка жетекшiсi, әдiскер, психолог, аудармашы.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мәдени мемлекеттiк мекеме мен қазынашылық кәсiпорынның басшысы мен басшы орынбасары;
      2) мамандар, оның iшiнде: әдiскер, кiтапханашы, мұрағатшы, суретшi, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы, үйірме жетекшісі.
      3. Әлеуметтiк қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) күтім бойынша әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, диеталық бике.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады