Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 20.10.2014 № а-10/238 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5С24-7 «Aуылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметкерлері болатын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және ветеринария мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Аудандық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № а-7/202 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1-8-133 тіркелді, 2012 жылғы 6 тамыздағы № 28 «Егіндікөл» аудандық газеттерінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов
Егіндікөл ауданының әкімдігінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ a-4/83 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
2) күтім бойынша әлеуметтік жұмыскер.
2. Білім мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы мен орынбасары;
2) барлық мамандықтың мұғалімдері;
3) әдістемелік орталықтың әдіскері;
4) оқытушы;
5) тәрбиеші;
6) медбике;
7) әдіскер;
8) аудармашы;
9) музыкалық жетекші;
10) психолог;
11) диеталық бике;
12) зертханашы;
13) жетекші;
14) кітапхана меңгерушісі, интернат меңгерушісі;
15) аға кітапханашы, аға жетекші;
16) кітапханашы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі;
3) аға кітапханашы, аға жетекші;
4) кітапханашы;
5) библиограф;
6) музыка жетекшісі;
7) барлық атаулардың суретшілері;
8) аккомпониатор;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) редактор;
11) үйірме жетекшісі.
4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринарлық дәрігер;
2) ветеринарлық фельдшер.