Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № А-7/200 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 тамызда № 1-8-134 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № а-7/133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 08.07.2014 № а-7/133 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға тоқсан сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ. Жұматоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады