Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/8-11 "Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы № 5С-3/5-12 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 6 сәуірде № 1-9-192 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 03.10.2013 № 5С-19/3-13 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/8-11 «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (№ 1-9-184 нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген, «Ерейментау» аудандық газетiнде 2012 жылдың 28 қаңтарында, «Ереймен» аудандық газетiнде 2012 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1 тармақтың 3), 4) тармақшалары жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3) қарттар мен мүгедектер айлығында - банкрот болып танылған немесе жойылған ұйымдардың зейнеткерлерiне өтiнiш бермей 0,7 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде, Ерейментау қаласы әкiмiнiң тiзiмi бойынша;
      ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде, өтініш бермей, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының тізімі бойынша;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, оған теңестiрiлген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жәрдемақылармен кепiлдемелер бойынша теңдестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына өтiнiшсiз келесiдегi мереке күндерiне мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының салыстырма актiсi бойынша бiр жолғы әлеуметтiк көмек көрсетiледi:
      Ауғанстаннан әскерлердi шығарған күнiне орай- Ауғанстандағы соғысқа қатысушылар мен мүгедектерiне 5000 (бес мың) теңге көлемiнде;
      Чернобыль атом электр станциясы апатын жою күнiне орай- Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге көлемiнде;
      Жеңiс күнiне - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге оған теңдестiрiлген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жәрдемақылар мен кепiлдемелер бойынша теңдестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне - 15000 (он бес мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушыларының әйелдерiне (күйеулерiне) 3000 (үш мың) теңге көлемiнде;
      Ұлы Отан соғысы жылдары жiгерлi еңбек еткен үшiн медальдармен марапатталған тыл еңбеккерлерiне 3000 (үш мың) теңге көлемiнде;
      бұрынғы кәмелеттiк жасқа толмаған фашистiк концлагерь тұтқындарына 5000 (бес мың) теңге көлемiнде;».
      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      сессия төрағасы                            А. Әлжанов

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      хатшысы                                    Қ. Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданының әкімі                 Л.Ж.Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады