2012 жылға арналған Ерейментау ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № 5С-6/5-12 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 шілдеде № 1-9-200 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 94 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 16.04.2013 № 94 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. 2012 жылға арналған Ерейментау ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы және бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салуға бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ерейментау аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрағасы                                   Д.Иманбалинова

      Ерейментау аудандық
      мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ.Махметов

      «КЕЛIСIЛДI»

      Ерейментау ауданының әкiмiнің м.а.         А.Манадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады