Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 "Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қазандағы № А-10/525 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 қарашада № 3488 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/126 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің № 1-9-168 тізілімінде тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2011 жылғы 26 наурызда, және аудандық "Ерейментау" газетінде 2011 жылғы 26 наурызда жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының тақырыбы келесi редакцияда жазылсын:
      "Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      көрсетiлген қаулының 1 тармағы келесi редакцияда жазылсын:
      "1. Ерейментау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады