Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 5С-9/3-12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 3565 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-35/2-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 5С-35/2-15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 Ерейментау аудандық мәслихатының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1-9-196 болып тiркелген, 2012 жылдың 26 мамырда «Ереймен» аудандық газетiнде, 2012 жылдың 26 мамырда «Ерейментау» аудандық газетiнде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданы бойынша тұрғын көмегін көрсету Ережесіне:
      1 тармақ келесі мазмұндағы алтыншы азат жолмен толықтырылсын:
      «жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны.»;
      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2. Тұрғын үй көмегi отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемдерi, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеу, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй күтiмiнiң және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемiнiң шектi шығын үлесi тоқсанға арналған, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегiне өтiнiш берiлiп, отбасының жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгiленедi.»;
      6 тармақтың екінші азат жолы келесі мазмұндағы 11 тармақшамен толықтырылсын:
      «11) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Ерейментау аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрағасы                                   Н.Мандаев

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданының әкімі                 А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады