Ерейментау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-35/2-15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 4730 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 6С-49/8-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 29.05.2020 № 6С-49/8-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 29.04.2016 № 6С-3/4-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ерейментау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші 2 қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Н.Мандаев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      "03" наурыз 2015 жыл

  Ерейментау аудандық мәслихатының
2015 жылғы 2015 жылғы 03 наурыздағы
№ 5С-35/2-15 шешіміне 1 қосымша

Ерейментау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ерейментау ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) беріледі.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын-үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 29.04.2016 № 6С-3/4-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығындары есепке алынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 29.04.2016 № 6С-3/4-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстар қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган ретінде "Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындалды.

      6. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлемдер түрінде іске асырылады. Тұрғын үй көмегінің төлемдері ай сайын бюджеттік қаражатты бөлу бойынша уәкілетті органның қаржыландыру шамасына сай жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемдері екінші деңгейдегі Банктер арқылы уәкілетті органмен жүргізіледі.

      Төлемдер алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетуші мекеменің шотына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ұсталған шығынды өтеу кезінде алушының жеке шотына аударылады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.

      8. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді:

      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

      тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақы.

      9. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға 18 шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр болып белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтер алаңынан кем болмауы тиіс.

      Коммуналдық қызметті (сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қоқыс) тұтыну нормативтері іс жүзінде тұтынылған шамаға қарай, алайда шекті шамалардан асырылмайды.

      Тұрғын үй көмегiн есептегенде электр қуатын тұтынудың мына мөлшерлемелері:

      150 (жүз елу) киловатт – бір адамнан үш адамға дейін тұратын отбасына;

      200 (екі жүз) киловатт – төрт және одан да көп адамдардан тұратын отбасына қолданылады.

      Тұрғын үйдің газбен жабдықталмағаны және тамақ дайындау үшін электр тұрмыстық плиталары қолданылатыны жөніндегі тиісті құжат болғанда, белгіленген нормативтерден асқан электр қуатына төленетін төлем, тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша айына бір адамға 87 (сексен жеті) киловатт нормасымен жүргізіледі.

      10. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.

  Ерейментау аудандық мәслихатының
2015 жылғы 03 наурыздағы
№ 5С-35/2-15 шешіміне
2 қосымша

Ерейментау аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімінің тізбесі

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуіріндегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-9-196 болып тіркелген, "Ереймен" аудандық газетінде 2012 жылдың 26 мамырында, "Ерейментау" аудандық газетінде 2012 жылдың 26 мамырында жарияланған).

      2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 5С-9/3-12 "Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуіріндегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар және өзгеріс енгізу" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3565 болып тіркелген, "Ереймен" аудандық газетінде 2012 жылдың 05 қаңтарында, "Ерейментау" аудандық газетінде 2012 жылдың 05 қаңтарында жарияланған).

      3. Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 5С-13/6-13 "Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуіріндегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар және өзгеріс енгізу" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 болып тіркелген, "Ереймен" аудандық газетінде 2013 жылдың 04 мамырында, "Ерейментау" аудандық газетінде 2013 жылдың 04 мамырында жарияланған).

      4. Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-24/6-14 "Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуіріндегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданындағы аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар және өзгеріс енгізу" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4099 болып тіркелген, "Ереймен" аудандық газетінде 2014 жылдың 19 сәуірінде, "Ерейментау" аудандық газетінде 2014 жылдың 19 сәуірінде жарияланған).

      5. Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 5С-28/4-14 "Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуіріндегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданындағы аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар және өзгеріс енгізу" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4284 болып тіркелген, "Ереймен" аудандық газетінде 2014 жылдың 26 шілдесінде, "Ерейментау" аудандық газетінде 2014 жылдың 26 шілдесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады