2012 жылға арналған Еңбекшілдер ауданының аумағында жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № А-3/75 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 наурызда № 1-10-156 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № А-4/161 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012.0515 № А-4/161 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, 18-2 бабына, 7-бабы 5-7 тармағына, Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жастар тәжірибесінің ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға арналған Еңбекшiлдер ауданының аумағында жастар тәжiрибесi ұйымдастырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған жастар тәжiрибесiн өтуге жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс берушiлердің тiзбесі бекiтілсін:
      1) республикалық бюджеттен қаржыландыратын, 1 қосымшаға сәйкес;
      2) аудандық бюджеттен қаржыландыратын, 2 қосымшаға сәйкес.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. ХАМИТОВ

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Еңбекшілдер аудандық ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      полиция майоры                             Е.Е.Каппель

      Ақмола облысы Төтенше жағдайлар
      Департаменті «Еңбекшілдер ауданының
      Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б.А.Қанапьянов

      Еңбекшілдер аудандық прокурорының
      м.а 1 сыныпты заңгер                       Б.Е.Мұқашев

      Еңбекшілдер филиалының басқарушысы
      «Ақмола облысы бойынша
      жылжымайтын мүлік жөніндегі
      орталығы» Республикалық
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»           Д.С.Омаров

      Еңбекшілдер ауданының
      Степняк қаласының әкімі                    Е.Т.Сәбіров

      Еңбекшілдер аудандық
      сотының төрағасы                           Қ.Б.Тоқсанбаев

      Еңбекшілдер аудандық әділет
      басқармасының бастығы                      М.М.Шаужанова

Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 ақпандағы
№ А-3/75 қаулысына
1 қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Еңбекшілдер
ауданының аумағында  жастар тәжiрибесiн өтуге жұмыс
орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс берушiлердің
тiзбесі

Жұмыс берушiсiнiң аты

Қызметкердiң мамандығы, мамандық

Ұйымдасты
рылатын
жұмыс орындарының саны

Айлық еңбек
ақының өлшемi
/тенге/

Жұмыстардың ұзақтығы
/ай/

1

«Еңбекшілдер аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

1. Заңгер
2. Маман

1

1

26 000

6

2

Еңбекшілдер аудандық соты

1. Заңгер
2. Маман

1
2

26 000

6

3

Еңбекшілдер филиалы
«Ақмола облысы бойынша
жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы»
Республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны»

1. Маман

1

26 000

6

4

«Еңбекшілдер аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеңсе маманы

1

26 000

6

5

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар
Департаменті «Еңбекшілдер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі

Хатшы-iс жүргiзушi

1

26 000

6

Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 ақпандағы
№ А-3/75 қаулысына
2 қосымша

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Еңбекшілдер
ауданының аумағында  жастар тәжiрибесiн өтуге жұмыс
орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс берушiлердің
тiзбесі

Жұмыс берушiсiнiң аты

Қызметкер
дiң мамандығы, мамандық

Ұйымдасты
рылатын
жұмыс орындарының саны

Айлық еңбек
ақының өлшемi
/тенге/

Жұмыстардың ұзақтығы/ай/

6

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1.Әлеуметтік қызметкері

2.Есепшiнiң көмекшiсi

1
 

1

17 439

6

7

Еңбекшілдер аудандық прокуратурасы

Заңгердің көмекшісі

1

17 439

6

8

Еңбекшілдер ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маман

1

17439

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады