Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 03.10.2014 № а-7/286 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әр тоқсан сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Садуақасұлы