Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.02.2015 № а-2/74 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуына бақылау жасау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Рахметов