Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 15.04.2015 № а-4/158 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 5/3 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы» шешімінің негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов
Есіл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 23 шілдедегі
№ А-7/312 қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет лауазымдық мамандар тізбесі
1. Білім беру мамандарының қызметтері:
1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
2) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
3) тәрбиеші;
4) әдіскер;
5) музыкалық жетекші;
6) көркемдеу жетекші;
7) оқытушы-психолог;
8) бастаушы;
9) бастапқы әскери дайындау ұйымдастырушы-оқытушы;
10) кітапхана меңгерушісі;
11) кітапханашы;
12) медбике;
13) диеталық медбике;
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының қызметтері:
1) әлеуметтік қызметкер;
2) әлеуметтік жұмыс бойынша маман қызметкер;
3. Мәдениет мамандарының қызметтері:
1) клуб жетекшісі;
2) кітапханашы
3) аккомпаниатор;
4) хореограф.