Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 қарашадағы № 5С-12/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 қарашада № 3504 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 04.11.2013 № 5С-27/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге 2012 жылға арналған әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қосымша шаралар туралы» 2012 жылғы 9 ақпандағы № А-2/59 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 Жарқайың аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-153 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қарашасында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 1 тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «жүз пайыз мөлшерінде коммуналдық қызмет шығындарын ай сайынғы облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен төлеу;»;
      2) 2 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1) 1 тармақтың 1 тармақшаның екінші абзацындағы, 2, 3, 4, 5 тармақшаларындағы, 6 тармақшаның екінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесімен ұсынылған атын, тегін және әкесінің атын, туған жылын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, екінші деңгейлі банктегі есеп шотының нөмірін көрсетілген тізімі;»;
      3) 2 тармақ 1-1 тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «1-1) 1 тармақтың 1 тармақшаның үшінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, тұрақты мекен-жай бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), коммуналдық қызметтер жөніндегі баға шоты - түбіртегінің көшірмесі;».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Виничук

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады