Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 қарашада № 1-12-153 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 04.11.2013 № 5С-27/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай өтініш берусіз жылына бір рет он бес мың теңге мөлшерінде;
      жүз пайыз мөлшерінде коммуналдық қызмет шығындарын ай сайынғы облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен төлеу;
      2) концлагерлердің тұтқындарына:
      1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызмет шығынына ай сайынғы облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен төлеу;
      3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай:
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға өтініш берусіз жылына бір рет бес мың теңге мөлшерінде;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына өтініш берусіз жылына бір рет үш мың теңге мөлшерінде;
      4) Халықаралық қарттар күніне орай ең аз зейнетақысы бар жасына байланысты шыққан зейнеткерлерге жылына бір рет екі мың теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      5) саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды Еске алу күніне орай бір мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      6) 1, 2, 3 топтағы мүгедектері мен 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға:
      Мүгедектер күніне орай бір мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде емделуге және дәрі-дәрмектерді сатып алуға есептік шоттарына аудару арқылы бір жолғы материалдық көмек;
      7) алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С-6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7-1) күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша жылына бір рет жиырма төрт мың теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      8) белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдау қажет ететін отбасыларға (азаматтарға) өтініш бойынша:
      табиғаттық және техногендік сипаттағы стихиялық апаттарға байланысты 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      операция өткізуімен байланысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      9) онкологиялық аурумен ауыратын ауруларға операциялық емдеуден кейінгі кезеңде бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      10) ұзақ мерзімді емделуде жатқан туберкулезбен ауыратындарға ай сайын 2,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептік шоттарына аудару арқылы;
      11) алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С-6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12) колледждерде күндізгі бөлімдерде оқитын ауылдық елді мекемелердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге есептік шоттарына аудару арқылы;
      13) жас мамандарды жайластыру «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік әкімшілік бағдарламасымен жас мамандар арасында жасалған Шарттың негізіндегі өтініш бойынша есептік шоттарына аудару арқылы:
      жоғары білімді дәрігерге 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      педагогтарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С-6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.11.09 № 5С-12/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін анықтау:
      1) 1 тармақтың 1 тармақшаның екінші абзацындағы, 2, 3, 4, 5 тармақшаларындағы, 6 тармақшаның екінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесімен ұсынылған атын, тегін және әкесінің атын, туған жылын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, екінші деңгейлі банктегі есеп шотының нөмірін көрсетілген тізімі;
      1-1) 1 тармақтың 1 тармақшаның үшінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, тұрақты мекен-жай бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), коммуналдық қызметтер жөніндегі баға шоты - түбіртегінің көшірмесі;
      2) 1 тармақтың 6 тармақшасының 2 абзацтағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың немесе 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері, мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, дәрі-дәрмектерді сатып алуға мұқтаждық туралы медициналық мекеменің құжатының көшірмесі немесе емделуге медициналық мекеменің жолдамасының көшірмесі;
      3) алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С-6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3-1) 1 тармақтың 7-1 тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есептік шотының нөмірінің көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі, «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен көп балалы отбасының мәртебесін растайтын анықтама;
      4) 1 тармақтың 8 тармақшасының 1 абзацтағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, табиғат аппаратының фактілерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) 1 тармақтың 8 тармақшасының 2 абзацтағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, медициналық мекеменің операция өткізуге арналған жолдамасының көшірмесі;
      6) 1 тармақтың 9 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауру тарихынан үзінді, операция өткізілгенін растайтын факті, немесе мүгедектік туралы анықтама;
      7) 1 тармақтың 10 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жарқайың аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен ұсынылған тізімінде атын, тегін және әкесінің атын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының нөмірін көрсетілуімен;
      8) алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С-6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9) 1 тармақтың 12 тармақшасындағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жарқайың аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама немесе «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      10) 1 тармақтың 13 тармақшасының 1 абзацтағы көрсетілген санаттар үшін, осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;
      11) 1 тармақтың 13 тармақшасының 2 абзацтағы көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошталық бөлімшесінің есептік шотының көшірмесі, жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жоғары білім туралы немесе кәсіптік орта білім туралы дипломның көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;
      Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С-6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.11.09 № 5С-12/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      3. Аудандық мәслихаттың «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-122 болып тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпанда аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешімі;
      Аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С-21/4 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-126 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 мамырда аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешімі;
      Аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С -19/5 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 9 тамыздағы № 4С-24/2 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-133 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қыркүйекте аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешімі;
      Аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 9 наурыздағы № 4С-30/3 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-145 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 сәуірде аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық маслихат
      сессиясының төрағасы                       Б.Әубәкіров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Б.Швачкин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданы әкімі                      А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады