Жақсы ауданының бюджет қаражатынын ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № А-1/70 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 наурызда № 1-13-149 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № а-2/82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 27.03.2014 № а-2/82 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Ауданның 2012 жылға арналған бюджетіндегі қаражаты есебінен, қала жағдайларында осы жұмыс түрімен айналысып жатқан мамандар ставкасы және ақыларымен салыстырғанда лауазымдық ақысын және тарифтік ставкасын жиырма бес пайыздан кем емес жоғарылатуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерге жұмыс атқаруға келген мәдениет, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-38-1 шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жақсы ауданының бюджет қаражатынан ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

Жақсы ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ А-1/70 қаулысына
қосымша

Жақсы ауданының бюджет қаражатынан ауылдық
(селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына
тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақыларын
жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие
мамандардың лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) әлеуметтік қызметкер, арнайы әлеуметтік қызметтерінің керектігін
анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік қызмет маманы.
      2) Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекеменің басшысы және басшысының орынбасары
      2) педагогикалық қызметкер және оған сәйкес тұлғалар: барлық пәндер мұғалімі, тәрбиеші, әдіскер, музыкалық жетекші, көркемдік жетекшісі, педагог-психолог, бастаушы, өндірістік оқыту шебері, қосымша білім беру педагогы, денешынықтыру бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, мұғалім, әлеуметтік педагог;
      3) мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, медбике, емдәмілікбике
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекеменің басшысы;
      2) мамандар (бас, аға) оның ішінде: сүйемелдеуші, музыкалық басшы, кітапханашы, библиограф, әдістемеші, хореограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады