Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 117 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 шілдеде № 1-15-183 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 03.09.2014 № 160 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Қорғалжын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады