Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № А-3/88 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 сәуірде № 1-16-149 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 25.12.2013 № А-13/407 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы № 2/2 «Сандықтау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4/9 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-77 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 14 мамырында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулының қосымшасында 1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
      күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы».
      2. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады