Шортанды ауданы бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/7 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырда № 1-18-158 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 ақпандағы № С-14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 25.02.2013 № С-14/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданының аумағында дүркін-дүркін сипатта болып қызмет ететін стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Шортанды ауданының нарығында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерге базар аумағында дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            Ғ.Мұқанова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Скирда

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

      Шортанды ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы                Е.Аубакиров

Шортанды аудандық мәслихатының
2012 жылдың 12 сәуірдегі  
№ С-4/7 шешіміне      
1 қосымша          

Шортанды ауданының аумағында дүркін-дүркін сипатта
болып қызмет ететін стационарлық үй-жайларда жүзеге
асырылатын қызметтерді қоспағанда Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандарға біржолғы талондардың құны

р/с

Жүзеге асыру қызмет түрлері бойынша
тауарлар, жұмыстар, қызметтердің атауы

1 күнге
біржолғы
талонның құны
(теңге)

1.

Сату (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын
қызметтерді қоспағанда)

1)

Газеттер мен журналдарды

80

2)

Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын
материалдарды (екпелер, көшет)

200

3)

Бақша дақылдарын

340

4)

Саяжайларда және үй маңындағы
учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді

200

5)

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық,
бақшалылық және саяжай учаскелерінің
өнімдерін

250

6)

жануарлар мен құстардың жемдерін

700

7)

Сыпыртқылар, сыпырғыларды

50

8)

Орман жидегін

200

9)

Балды

300

10)

Саңырауқұлақтарды

200

11)

Балықты

300

2.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке
трактор иелерінің көрсететін қызметі

1000

3.

Үй жануарлары мен құстарын бағу

200

Шортанды аудандық мәслихатының
2012 жылдың 12 сәуірдегі  
№ С-4/7 шешіміне      
2 қосымша          

Шортанды ауданының нарығында жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға,
заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерге базар аумағында
дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған
блоктардағы) сауданы қоспағанда, біржолғы талондардың құны

р/с

Жүзеге асыру қызмет түрлері бойынша
тауарлар, жұмыстар, қызметтердің атауы

1 күнге
біржолғы
талонның құны
(теңге)

1)

Ет

300

2)

Сүт өнімдері

100

3)

Көкөніс және дақылдар

200

4)

Наннан жасалған өнімдер

100

5)

Басқа шаруа тауарлары

200

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады