Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № А-2/83 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 наурызда № 1-19-223 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № а-11/755 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 21.11.2014 № а-11/755 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытқа қосымшаға сәйкес тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері белгіленсін.
      2. Бурабай ауданының Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық (ауылдық) округтердің әкімдері Бурабай ауданының қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін тоқсан сайын Бурабай аудандық сотқа ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Базархановқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы бойынша
      қылмыстық-атқару жүйесі
      департаментінің Бурабай
      аудандық қылмыстық-атқару
      инспекциясы бөлімінің
      бастығы                                    Н.К. Кушербеков

Бурабай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 14 ақпандағы
№ А-2/83 қаулысына қосымша

Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыс түрлері

      1. Аумақты мұздан тазарту.
      2. Аумақты қардан тазарту.
      3. Аумақты қоқыстан тазарту.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      5. Аумақты арам шөптерден тазарту.
      6. Ағаштарды кесу, ағарту, отырғызу.
      7. Қоршауларды жөндеу және бояу.
      8. Ғимараттарды ақтау, бояу.
      9. Гүл клумбаларын бөлу.
      10. Көгал алаңдарын қайта қазу.
      11. Құрылыс қоқыстарын жинау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады